07
февраль
2018
Түлекпен кездесу
Қаратау қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде Л .Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің грант иегері , мектеп түлегі Жақсылық Бақдəулет Мақсатұлы " Рухани жаңғыру " аясында " Туған жер - тұнған тарих " атты дөңгелек үстел өткізді. Ол өз баяндауында " Рухани жаңғыру идеясы және ұлттық рух " туралы көзқарасын зерделей келе , Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған міндеттерді саралады. Мектеп оқушылары Сиқымбай Нұрай , Жақсылық Аяулым , Қанытбек Альбина , Ғазизов Әділет, Жанат Əсет өз кезегінде ұлттық сананың жаңғыруы , ұлттық код , латын әліпбиіне көшу мәселелері туралы ой бөлісіп , пікір алмасты.Ел ертеңі - бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар .Елдің тыныс - тіршілігімен тыныс алып , өмірімен етене байланысып өскен ұрпақ қана өмірге құштар , бәсекеге қабілетті болады. Ұлттық код - ұлттық болмыстың рухани көзі , тарихи негізі. Ұлттық рух бар жерде рухани жаңғыру күш алады. Мектеп түлегінің тілегінен , туған жерге өзіндік үлес қосқан ниетінен туындаған ой түйме - қоғам , ел игілігіне қалтқысыз қызмет атқаруға ықпал ете білуімен құнды болды.