"Жаңартылған білім беру мазмұны - заман талабы"
Қаратау қаласындағы Д.А Қонаев атындағы орта мектебінде шығармашылық топтың жетекшісі Гүлнар Жарылқапова мен үйлестіруші Гүлзат Керімбекованың ұйымдастыруымен "Жаңартылған білім беру мазмұны - заман талабы" тақырыбындағы әдістемелік семинар жоғары деңгейде өтілді.Семинар барысында физика пәнінің мұғалімі Элмира Жакенова "Жаңартылған білім беру бағдарламасының басымдықтары" туралы баяндама оқып , оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға бағытталған іс - тәжірибесімен ой бөлісті . Үйлестірушілер Г.Жарылқапова , Г.Керімбековалар "Критериалды бағалаудың тиімділігі"атты коучинг өткізсе , психолог Назерке Кеңес "Ұжымдағы микроклимат"аясында ұжымда оң ахуалды қалыптастыруға бағытталған психологиялық тренинг жүргізді. Әдістемелік семинарды қорытындылау кезеңінде кері - байланыс парағы таратылып, қатысушылардың көзқарастары бойынша оң баға берілді. Семинар барысында мұғалімдер жаңартылған мазмұндағы білім берудің әдістері туралы өздеріне деген қажеттілікті ала білді .Бəсеке қуаты - білімде!