16
September
2019
"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде "Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы шеңберінде мектеп инспекторы Ж.Парымбекованың үйлестіруімен "Абайла , жолда балалар !" бағытында жолда жүру ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді . 1 - 9 сыныпта "Орында жолдың тәртібін , жолы болсын әркімнің !" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп , жол қозғалысы ережелері туралы сюжетті суреттер арқылы "Жол белгілері және олардың мақсаты" туралы бағыт беріліп , барлық сынып оқушыларынан үйінен мектепке дейінгі аралықтағы қауіпсіз маршрут картасы жинақталды. Онкүндік аясында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздіктерін арттыру бойынша , көшеде , көлікте өздерін ұстай білу туралы бағыт - бағдар берілді . Бала болашағын бағамдаған ұстаздардың айтары : Жүргізуші , жадыңда тұт , балалар , жылдамдықтан маңызды !