Әлеуметтік жаңғыру жолындағы жаңашыл қадамдар » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » Әлеуметтік жаңғыру жолындағы жаңашыл қадамдар
16
September
2019

Әлеуметтік жаңғыру жолындағы жаңашыл қадамдар

Әлеуметтік жаңғыру жолындағы жаңашыл қадамдар

Біздер, Талас ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты мектептің ұстаздары - Қазақстан Республикасының The presidentі Қасым - ЖоMarch Тоқаевтың алғаш рет парламент палаталарының отырысындағы «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» бағытындағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын Балалар өнер мектебінде көріп, тыңдадық.Маған ұстаз ретінде, ел The presidentі Қ.Тоқаевтың: ІV бөлімдегі «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бойынша, ел бюджетінің екі негізгі мақсатқа бағытталып, экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын қарастыру туралы көзқарасы ойымнан шықты. Әлеуметтік салада, білім беру сапасын жақсарту барысы.Мұнда, оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт - бағдар беру саясатына көшу қажеттілігі. Бұл тұрғыда - орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс деп атап көрсетті. Еліміздегі техника саласының мамандарына сұраныстың жоғарылығынан, кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүрлігін айта келе, келеңсіз жағдайды жедел түзетуді тапсырды. Қала мен ауыл мектебінің арасындағы орта білімнің сапасын, ауылдық жердегі білікті педагог кадрдың тапшылығын жою мақсатында, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, қаржыландыруды 20 млрд. теңгеге жеткізуді тапсыруы - жас мамандар үшін зор әлеуметтік көмек дегім келеді.

«Барлық істің басшысы - білім мен ұғым» деп Жүсіп Баласағұни айтқандай, егемен елдің тірегі - білімді ұрпақ . Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы, оның білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты болмақ. Осы орайда, Ел The presidentі Қ.Тоқаевтың айтар ойы айқын. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанда, білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетінін бағамдап, еліміздің білім жүйесін дамытуға орай, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды оқушылардың қабілетін дамытудың арнайы жол картасын әзірлеуді тапсыруы, үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге демалуы үшін мүмкіндік жасауды тапсыруы, дарынды балалардың ата - анасының әлеуметтік мәртебесіне қараMay, сапалы білімге қол жеткізе алатыны туралы пайымдауы өте маңызды.

Сондай - ақ , білім саласына қатысты мәселе - қаржыландырудың біркелкі болмауы және өңірлік басқарудың қазіргі жүйесінің тиімсіздігін айта келе, білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру арқылы білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажеттілігін атап көрсетті.

Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу - аса жауапкершілікті іс. Мұғалімнің еңбегін лайықты бағалауды көздеп, мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға орай келесі жылдан бастап, ұстаздардың жалақысының 25 пайызға өсетіні де көңілімнен шығып отыр.

Жолдау аясындағы Қ.Тоқаевтың : біз, азаматтардың негізгі құқықтарын елемей, заңнаманы ізгілендіруге әуес болдық.Жыныстық зорлық - зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр, әсіресе балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны жедел түрде күшейту қажет деп, парламент пен үкіметке берген тапсырмасы ойымнан шықты.

Тәрбие - тәлімнен. Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны қоршаған ортаға, әсіресе, отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Үйдегі заңсыздыққа бойы үйренген бала - басқаның да құқығын сыйлаMay, ойланбайтын болады, отбасындағы жақсы қарым - қатынаста өскен бала - қайырымды болып өседі. Баланы, қорқыту - үркіту емес, оның еркін өсуіне ата - аналары зор жауапкершілікпен қарап, дер кезінде зерделесе, өмірдегі орын алып отырған, жыныстық зорлық - зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр, әсіресе, балаларға қарсы қылмыстар мен зорлық - зомбылықтарға жол берілмес еді - ау деген ойға келдім...

Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне бастар нұрлы жолда, Ұлы ғұлама әл - Фарабидің 1150 жылдық, қазақтың дара да, дана ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтуде ысырапшылдыққа жол бермей, айтулы еңбектерін халық арасында кеңінен дәріптеу туралы айтып өтуі, тәу етер жалғыз киеміз - Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты тиісті іс - шараларды іске асыру арқылы , ел өміріндегі елеулі оқиғаларды көріп, зердесіне түйіп өскен, жас ұрпақтың өн бойында, нағыз патриоттық рух, туған жерін шексіз құрметтейтін шәкірт тәрбиелеуге жол ашылады деп сенім білдіруі нақты, ең өзекті көзқарас демекпін.
Келешек бүгіннен де нұрлы!

Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы, Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Қаратау қаласы