«Көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік» атты қауіпсіздік сабағы » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » «Көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік» атты қауіпсіздік сабағы
28
April
2021

«Көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік» атты қауіпсіздік сабағы

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , Талас ауданының білім бөлімінің 23.02.2021 жылғы , № 03 - 211 хатына сәйкес , көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы , білім ұясының алғашқы дайындық пәнінің мұғалімі Темірхан Мұқан 10 - 11 сыныптың оқушыларының қатысуымен санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтап , «Көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік» атты қауіпсіздік сабағын өткізді .
Алғашқы дайындық пәнінің мұғалімі Темірхан Мұқан , оқушыларға көктемгі су тасқынының өзен , тоған , су айдынына жақын маңда тұратын тұрғындар үшін аса қауіпті екендігі ; Төтенше жағдай орын алғанда , жаяу жүргіншілердің өткелдерін білдіретін белгілерді мұқият қадағалау керектігін атап көрсетті .
Слайд арқылы түсіндіру барысында , көктемде , бөгеттерге барудың қауіптілігі ; Көктемгі су тасқыны кезінде , әсіресе , су басуы - мүмкін елді - мекендерде , үнемі радио немесе теледидарды қосып тұру қажеттілігі ; Өйткені , су тасқыны күтпеген жерден келуі мүмкіндігі айтып өтті .
Қауіпсіздік шаралары бойынша , іс - шараны алдын ала жүргізуі (қажетті тамақ өнімдерімен , киіммен , ауыз сумен және т. б. қажетті құжаттарды (жеке куәлік , туу туралы куәлік) бір орынға жинау және оларды целлофанға салу) туралы айтып, бағыт беруі құнды болды . Көктемгі су тасқыны кезіндегі сақтық шаралары :
1. Көктемгі су тасқыны мен сең жүру кезінде сақ болу ;
2.Көктемгі мұз үстіне шықпау ;
3. Жағалауға жақын бармауды ескертті .
«Көктем - 2021» атты республикалық командалық - штабтық оқу жаттығу барысында , қала аумағынан тасқын суларды қауіпсіз өткізу , қорғаныс бөгетін ұстау және су басу қаупі бар учаскеде , тасқынға қарсы өткізілетін шаралар туралы айта келе , төтенше жағдайдың алдын алуға және азаматтық қорғаудың аумақтық жүйесінің тұрақты жұмыстары туралы айтуы құнды болды .
Сақтансаң - сақтайды . Саулық - сақтықта !
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы