«Асанбай Асқаровтың өмір жолы мен ерен еңбегі» атты бірыңғай сынып сағаттары » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » «Асанбай Асқаровтың өмір жолы мен ерен еңбегі» атты бірыңғай сынып сағаттары
21
April
2022

«Асанбай Асқаровтың өмір жолы мен ерен еңбегі» атты бірыңғай сынып сағаттары

Тәлім алар ,тағылымы мол Асанбай аға!
«Азамат сыны - ерлік, ерлік сыны - елдік» . Мұхтар Әуезов
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , мемлекет және қоғам қайраткері , жазушы , ғалым Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына орай «Асанбай Асқаровтың өмір жолы мен ерен еңбегі» атты бірыңғай сынып сағаттары талапқа сай өткізілді.
Сынып сағатында, мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың : жүріп өткен жолы, өмірден көргені мен көңілге түйгені, жасаған істері , ғибратты ғұмыр белестері туралы мағлұмат берілді .
Елім деп соққан , алып жүрек иесінің : қапаста қаншама азап шексе де , өзінің азаматтық болмысын сақтап қалғаны, қайта қайраттана , жігерлене түскені , рухын жанып , күш берген халықтың ыстық ықыласына деген жан сыры , сабақта айқын көрініс тауып жатты.
Асанбай Асқаровтың өмірі мен еңбек жолдары туралы мектеп оқушылары , ізденіс жұмыстары арқылы жеткізе келе , әдебиет әлемінде өзіндік із қалдырған тұлға екендігі - бастан кешкен естеліктері , ой - зерде толғамдары туралы бес кітабының баспадан шыққаны ; Оның ішінде «Тағдыр» , «Жұмақ пен тозақ жырлары», «Көзқарас» , «Ұлы Тұранның ұлдары» сынды басты еңбектерінің елге кеңінен танымалдығын атап көрсетулері құнды болды.
Сынып жетекшілері , мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың ықпал етуімен қаланың көрікті демалыс орнына айналған - Дендросаябақтың көлемінің бастапқыдан едәуір кеңейтілгені; Қайықпен серуендеу үшін тоған , ойын - сауық , мәдени демалыс орнына айналғанын жеткізе келе , елдің бірлігін, тұтастығын бір жүйеге келтіріп , тізгінін тіктеп , облыс орталығының еңсесін көтергенін , ауыл - ауданды мүмкіндігіне қарай өркендетуге сіңірген еселі , ерен еңбегін - облыс жұртшылығы мәңгі есте сақтап , ұмытпайтыны туралы жеткізді .
Жасай бер , рухың жаңғырып , Асанбай аға мәңгілік!
«Асанбай Асқаровтың өмір жолы мен ерен еңбегі» атты бірыңғай сынып сағаттары