«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты жедел - профилактикалық іс - шара » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты жедел - профилактикалық іс - шара
21
April
2022

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты жедел - профилактикалық іс - шара

Көше тәртібін сақтау - сенің міндетің!
Қай қала , қай көшеге барсаңыз да,
Қай ақыл - өлшеміне салсаңыз да,
«ЖОЛ жүру ережесі» - заңды тәртіп,
Ортақ іс - үлкен - кіші , баршамызға!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , Алғашқы әскери - технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Мукан Темирхан Керімханұлының ұйымдастыруымен , директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Данияр Байгазиев Шанжарханұлының үйлестіруімен «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты жедел - профилактикалық іс - шара шеңберінде , Талас АПБ ЖжТИТ МАЙ полиция лейтенанты Молдабаев Ербол Ердосұлы ,Талас ЖПҚБ ЮПТ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Арип Наргиз Жанатбекқызы дәріс сағатын, түсіндіру жұмыстарын талапқа сай өткізді.
Дәріс сағатында, оқушылардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апатының, жол - көлік жарақатының алдын алу көзделді.
Талас АПБ ЖжТИТ МАЙ полиция лейтенанты Молдабаев Ербол Ердосұлы «Біз, жолдағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» атты дәріс сағатында, тақтадағы жолда жүру тәртібі туралы ілмеден, бірқатар сұрақтар қойды.
- Көшеде жүру тәртібін сақтамау , не себепті қауіпті?
- Егер де, автокөлік жүргізушісі, жолда жүру ережесін бұзбаса, талаптарды орындаса, мұндай жағдай болар ма еді?
- Сынып оқушылары өздері білетін мәліметтермен ой бөлісіп, жауап берді.
Талас ЖПҚБ ЮПТ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Арип Наргиз Жанатбекқызы сөз алып, көшеде көліктер жүретін жердің «Жол үсті» деп аталатыны ; Көшедегі жолдың екі жақ қапталына, жаяу жүргіншілер үшін «Жаға жолдар» салынатыны туралы бағыт берді. Нәтижесінде, мектеп оқушылары - жол ережесін қатаң сақтау арқылы, адам өмірінің маңызын ұғынып, жол - көлік оқиғасының алдын алу туралы түсінді.
Мектеп ұжымы мен ата - аналардың негізгі көмекшісіне айналған , тәртіп сақшыларының еңбегі ауқымды. Талас АПБ Ж жТИТ МАЙ полиция лейтенанты Молдабаев Ербол Ердосұлы, Талас ЖПҚБ ЮПТ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Арип Наргиз Жанатбекқызының : оқушылар үшін жол қозғалысын реттеп, жолдан өздері алып өтіп, бағдар берулері құнды болды.
Жол заңы - дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді .
«Балалардың  жолдағы  қауіпсіздігі» атты  жедел - профилактикалық іс - шара