Денсаулық өз қолыңда! «Жігіттің дені сау болса - сол дәулет» » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » Денсаулық өз қолыңда! «Жігіттің дені сау болса - сол дәулет»
21
April
2022

Денсаулық өз қолыңда! «Жігіттің дені сау болса - сол дәулет»

Денсаулық өз қолыңда!
«Жігіттің дені сау болса - сол дәулет» Құтып
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , ер балалар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жыныстық қатынастың алдын алуға бағытталған «Ер балалардың денсаулығы» тақырыбында орталық аурухананың дәрігері , хирург Сейілов Асылбек Зинатұлы, мектеп әкімшілігі, педагог - психолог, медбике және ер балалардың әкелерінің қатысуымен дөңгелек үстел талапқа сай өткізілді.
Кездесу барысында, орталық аурухана дәрігері, хирург Сейілов Асылбек Зинатұлы сөз алып, жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа баруы - белсіздікке апаратын төте жол екендігі ; Жеткіншектің санасында отбасылық институттың құндылығы, отансүйгіштік қасиет қалыптаспай, рухани кемістік - өз кезегінде, жасөспірімдердің ар - намыс, ұят, адалдық, қызғаныш, қорғаныш дегеннің не екенін білмей өсуіне жетелейтінін айтып өтті.
Сондай - ақ , күннің көп ауруға ем болатынын ескерсе , оның ер адамның ағзасы үшін де пайдасы көптігі; Бала кезден бастап, күнге қыздырынуды әдетке айналдырғандар - урондрологиялық патологиядан алыс болатынын жеткізді. Жаз мезгілінде, жалаң аяқ жүрудің пайдасын айта келе, салауатты өмір салтын ұстанып, күнге қыздырынып, денені сауықтыру жаттығуын жасап, күн тәртібі ережелерін берік ұстана отырып, уақытылы ұйықтап, демалудың ағзаға пайдасы туралы жеткізуі құнды болды.
Дөңгелек үстелге қатысушы ер балалардың Әкелеріне: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен болады бақытты өмір!» деп бағыт беріп, ер балаларға өз тараптарынан түсіндірме жұмыстарын жүргізуге маман кеңесі берілді.
Қимыл шынықтырады, ұйқы тынықтырады!