«Наурыз айы туғанда» атты таным сағаты » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » «Наурыз айы туғанда» атты таным сағаты
21
April
2022

«Наурыз айы туғанда» атты таным сағаты

Наурыз айы туғанда...
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
АяMay өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық , нұрға толы Наурыз тойды,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың , - деп ақын жырлағандай, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , Жыл басы - Наурыз мерекесіне бағытталған «Наурыз айы туғанда» атты таным сағаты , 11 «А» сынып жетекшісі Қуандықова Райханның үйлестіруімен ,1- ауысымдағы ұстаздар мен оқушыларды мерекелік жыр - шашумен қарсы алудан басталды .
«Наурыз» мерекесі аясында , ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу ; имандылық , инабаттылық , ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру көзделді.
Кітапхананың оқу залында кітапханашы Алиева Динараның жетекшілік етуімен Наурыз мерекесінің маңызы мен шығу тарихы және ұлттық ерекшелегі , салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпы туралы экспозиция ұйымдастырылды.
Қадірлі , Қазақ елі ! Жақсылықтың жаршысы, жыл басы - әз - Наурыз елімізге құт - береке әкелсін!
Еліміз аман , жұртымыз тыныш болып , арайлап атқан әрбір күн - әр отбасына шат көңіл , бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын , ақ мол болсын!
«Наурыз айы туғанда» атты таным сағаты