Сәт сапар , Жас түлек! » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » Сәт сапар , Жас түлек!
07
June
2022

Сәт сапар , Жас түлек!

«Адамның адамгершілігі , жақсы ұстаздан болады». Абай Құнанбайұлы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде «ТҮЛЕК 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты Балалар жылы аясында 2021 - 2022 оқу жылындағы жас түлектердің соңғы қоңырау салтанатты жиыны жоғары деңгейде өткізілді.
Білім ұясының 69 - түлектерін 11 «А» сынып жетекшісі Қуандықова Райхан Тұңғышқызы бастап шықты. Алтын белгіге үміткерлер Есқабылова Наргиз, Әбдікерім Ақнұр, ерекше аттестатқа үміткерлер Исламқызы Жаннұр , Юнусова Аяулым - мектеп мақтаныштары .
Жаңа Қазақстанды дамытуға бағытталған референдум аясында
«ТҮЛЕК 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты жиын ашық деп жарияланған соң , мемлекеттік гимн орындалды.
Мектеп директоры Токбергенова Гүлжамила Жидебайқызы алғы сөз алып, «Өмір» атты белесте, білім көкжиектерің ұшталып, креативті көзқарас пен шығармашыл ой - өрістерің өмірлік серіктерің болсын деп ақ тілегін арнады.
«Мектебім» әнін 7 «Б» сынып оқушылары Ж.Айтымбет,С.Шоқан орындады.
Салтанатты жиынның қадірлі қонақтары ұстаз - ардагер Молдабаева Данагүл жас түлектерге ақ батасын берсе, Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек сөз алып, сынақ сәті - мемлекеттік аттестаттаудан, UNT сынағынан сәтті өтуге, алған білімі мен күш - жігерін Жаңа Қазақстанды дамытуға жұмсауға бағыт берді.
69 жылдық тарихы бар, білім ұясынан 40 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектері келіп, ұстаз бен шәкірт үндесіп,тоғысқан күн болды. Қырық жылдық түлектердің атынан сөз алған Шымыров Біләл, Кәрібозова Роза білім ұясының ұстаздарына шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілесе, жас түлектерге сәттілік тіледі.
«Тәуелсіз қазақтың ұлымын» әнін 7«А»сынып оқушысы Ж.Құрманәлі орындады.
Көркем сөз оқушылары «Мектеп түлектеріне» жыр - шашуларын арнап, түлектерге арнап,тілек жазылған шарларды ұшырулары сәтті шықты.
Түлектерге тілектер лебізінде, алғашқы ұстазы Сәуле Керейбекқызы, ата - ана атынан Меңтай апай ақ тілегін жолдаса, 11 «А» сынып жетекшісі Райхан Тұңғышқызы жүрек жарды тілегін арнауы құнды болды.
Жас түлектердің «Ұстаздарға, мың алғыс!» жыр - шашуы, «Мектеп вальсін» билеп, газдалған шар ұшырып, аспан көгінде арман - қиялы ұшып кете барды.
«Білім кілтін» 2021 - 2022 оқу жылында «Алтын белгіден» үміткерлер Н.Есқабылова , А.Әбдікерім, ерекше аттестатқа үміткерлер Ж.Исламқызы ,А. Юнусова 2022 - 2023 оқу жылындағы «Алтын белгіден» үміткерлер Юлдашева Малика, Қалдан Сабина, ерекше аттестатқа үміткерлер - Тұрысбек Айым, Таутаева Фатимаға салтанатты түрде тапсырды.
«Соңғы қоңырау» соғу рәсімі - 1 «Ә» сынып оқушысы Әсемғали Бекжан мен 1 «Б» сынып оқушысы Әбутәліп Айзере, ерекше аттестатқа үміткер Исламқызы Жаннұр мен жас түлек Мырзағали Жасұланға тапсырылды.
Сәт сапар саған, Жас түлек,
Еліңе бол, сен тірек!
Сәт сапар , Жас түлек!