Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы! » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы!
03
January
2024

Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы!

Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы!
«Барымыз да , бағымыз да - Тәуелсіздік!».
Қасым - ЖоMarch Тоқаев
Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлық , ата - бабамыздың аңсап күткен аманаты. Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болған жоқ , сақтап қалу - басты парыз .
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы , үш ғасырға жуық армандаған азаттыққа, бодандыққа деген бұлқыныстың атой салып, қазақ жастарының басы бірігіп, жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, жүрекке мұңлы із қалдырған күн еді ...
Тәуелсіздіктің ақ таңын, еліміздің еркіндікке деген арманын жеткізуге тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарын аяусыз таяққа жығып, түрмеге қамады. Олардың қатарында қайсар рухты қазақ - Қайрат Рысқұлбеков; жаңа ғана қауызын жарып, бүршік атып келе жатқан , жауқазын жас ғұмыр иелері - Ербол , Ләззат, Сабира сынды жастарымыз жас жанын жалау еткен еді...
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар - намысы таразыға салынған сын сағатта, қарсы соққан желдің өкпегіне сынбай , дүлей күштен қаймықпай, бодандыққа, азаттыққа, теңдікке деген ұстаныммен алаңға шыққан жастардың ерен ерлігі туралы әлі талай жырлар, дастандар жазылады...
Желтоқсан оқиғасының тарихы мен егемен ел болу жолында - Желтоқсанның мұзға жаққан алауында от - жалынға толы жігер мен қаһармандық танытқан қайсар рухты жастардың ерен істері ел жадында сақталады...
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Тұғыры биік Тәуелсіздіктің мерейі үстем, шоқтығы биік, еліміздің еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды, келешегіміз кемел, болашағымыз нұрлы болсын!