Мұқағали Мақатаев
Қаратау қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде 4 "A", 4 "Ə" сыныбының жетекшілері Гаухар Жұманова мен Айнұр Айдапкелованың ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухани шығармашылық əлеміне арналған поэзиялық кеш өтілді .Қазақ тарихында ең оқырманы көп ,қалың халықтың басты жанашыры болған суреткер , қазақ жырының құдіреті өн бойынан табылған ақынның рухани шығармашылық әлемі балғын бүлдіршіндердің жұдырықтай жүректерімен үндесіп , халқымен қауышып жатты.