01
сентябрь
2018
Алғашқы қоңырау
Қаратау қаласындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде " Адам капиталын дамыту факторындағы тəрбие жүйесінің рөлі! " атты салтанатты жиын жоғары деңгейде өтілді .Жиында Қаратау қаласы Əкімінің орынбасары Рысбаев Мақсат Сабырғалиұлы сөз алып , " Білімді болу - жаңалық ашуға қабілетті болу " деген ұлы ойшыл Əбу Насыр əл - Фарабидің ғибратты сөзін тілге тиек ете отырып , ауданда жас ұрпақтың нұрлы болашағы үшін атқарылған игі істерді саралай келе , аудандық " Нұр Отан " партиясының бастамашыл жобасы аясында ашылған IT сыныпта білім алуға бағыт берсе , аудандық ұстаз - ардагерлер кеңесінің төрағасы Ілес Нұрұлы өз кезегінде , жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашып , өз жолын өздері таңдауға , білім бəсекесінде алға болуға ықпал ету - ұстаздардың еншісінде ! - деген ойын жеткізді ." Жас Ұлан " ұйымының мүшелері - өз Отанының патриоты болуға бағытталған " Өз Отаным - өзім туған босағам ! " деп жырласа , мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер " Мектебім - айтар əнім ! " деп жұдырықтай жүрегімен үндесіп , мəнерлеп жатқа оқулары өте шынайы шықты .Əн өнерінің биігінде танылып жүрген ,мектеп мақтаныштары - Төлеубекқызы Динара "Мектебім " əнін , Əйтімбет Жұлдызай " Ұстаз - ана " əнін білім берген ұстаздарына тарту етті . Білім ұясының 66 - түлектері Ікімат Аяулым , Ілесбай Ұлбосын ,Өмірəлі Динара - алтын ұя - мектебіне ,аяулы ұстаздары мен мектепте тəлім алушы шəкірттерге жаңа оқу жылында мұзарт шыңға шығуға , оқуда озат , еңбекте алда жəне де өнер өлкесінде өнегелі өркендер ретінде танылуға шақыруы сəтті шықты .Жиын соңында 1 - сынып оқушылары əуеге газдалған шарлар ұшырып , білім əлеміне сынып жетекшілерімен бірге бағыт алды . Білім - адам баласының өмірлік серігі .Білімдінің қолында - алтын шырақ !