Қазақстанды қуатты елге айналдыру - уақыт талабы » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбылская область
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72644) 6-11-98
Бухгалтерия
+7(72644) 6-11-98
Версия для
слабовидящих
» Қазақстанды қуатты елге айналдыру - уақыт талабы
11
февраль
2021

Қазақстанды қуатты елге айналдыру - уақыт талабы

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде , құрамы жаңғырған жаңа Мәжілістің қызметке кірісуін айта келе , Тұғыры биік Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейлі межесі аясында , тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттардың Отанымызға адал қызмет етеді деп сенім білдіруі құнды болды .
Ортақ мақсат айқын . Қазақстанды қуатты елге айналдыру деп атап көрсетті .
Өркениеттің даму жолы мен әлемдік құрылымның түп негізінің түбегейлі өзгеріске ұшырап отырғанын жеткізіп , ең басты міндетіміз - пандемияның салдарын еңсеру деп айтуы нақты .
ХХІ ғасырдың жиырма бірінші жылы - адамзат үшін бетбұрыс кезеңі ретінде , алдағы онжылдықтың басты бағдарын айқындайтыны ; күрделі жағдайда уақыттан ұтылуға , бір сәтке де босаңсуға болмайтынын жеткізді.
Барлық күш - жігерімізді , тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құру арқылы халықтың тұрмыс сапасын жақсартып , әл - ауқатын арттыруды тапсырды . "Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының да мәні осында !
Еліміздің ұзақ мерзімді дамуы - сабақтастық , әділдік және өрлеу қағидаты аясындағы , көздеген мақсатқа жетуге негіз болатын 7 басымдықты айтты.
1.Құқықтық мемлекетті дамыту және азаматтардың билік органдарына сенімін нығайту - өте өзекті міндет. Бұл тұрғыда, мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу қажеттілігін айта келе , реформалар - жүйені байыппен орталықсыздандыруды , мемлекеттік аппаратты жаңғыртуды , барлық саланы цифрландыру қажеттілігін жеткізді.
4 .Аумақ пен кеңістік тұрғысынан еліміздің теңгерімді дамуы бойынша , көліктік , энергетикалық және цифрлық инфрақұрылымдарды ілгерілетуге күш салу - өңірлер, қалалар , аудандар мен ауылдарды өзара байланыстыратын инфрақұрылымды жақсартуға басымдық беретінін атап көрсетті . Жаңа стандартқа сәйкес , 3500-ден астам ауылды жаңғырту - қолға алынған өзгерістің табысты жүзеге асуы , жергілікті жердегі жұмыстың тиімділігіне байланысты екендігін жеткізуі нақты .
5. Қазақстандағы реформалардың басты бағытының бірі - саяси жаңғыру дей келе , жаңғырудың негізгі қағидаты - жалпыұлттық диалог пен мәмілеге сүйеніп, эволюциялық жолмен жасау тиімділігі , еліміздің демократиялық дамуына серпін беретінін айта келе , «Күшті Президент - ықпалды Парламент - жауапты Үкімет» деп аталатын саяси формуласымен үндесіп отырғанын айтты . Бұл тұрғыда , депутаттар халықтың мүддесін іс жүзінде қорғап , табандылық танытуы қажеттілігін ескертуі нақты .
6.Азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру , жастар саясатын жетілдіру , қайырымдылық қызметін қолдауға бағытталған , қоғамдық кеңестің өкілеттігін күшейту - азаматтық белсенділікті арттыру жолындағы бірден - бір маңызды қадам деп айтуы көңілге қонымды . «Қоғамдық бақылау туралы» заң аясында , мемлекет қызметінің тиімділігін арттыру , шешім қабылдауда азаматтық қоғамды тарту көзделіп отырғанын жеткізді .
2020 жылы ұсынылған Үкіметтің Жастарды қолдау жөнінде кешенді жоспар аясында , «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты ұлттық жоба , мемлекеттік жастар саясаты және волонтерлік қызмет туралы заңның дайындалу барысы туралы айта келе , Қазақстанда «Жастардың даму индексін» енгізген жөн , - деп айтып өтті .
Соған сәйкес , қайырымдылық шаралар мен волонтерлік жобаға атсалысатын бизнес өкілдері мен жеке тұлғаларға түрлі жеңілдіктер берілуге тиіс деуі нақты.
7. Главная ұстаным - адам құқықтарын толық қорғау. Бұл ретте , азаматтардың таңдау еркіндігін барынша қамтамасыз ету өте маңызды екендігі ; Әлемдік тәжірибеге сүйене келе, келешекте , барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «Бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн деген көзқарасы құнды болды .
Бала құқығы - басты назарда болуы тиіс. Бұл тұрғыда , балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету , балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп , тиімді тетіктерді қарастыру барысын ; сондай - ақ , ерекше күтімге мұқтаж балалардың инклюзивті даму мәселесін назардан тыс қалдырмауды тапсыруы құнды болды .
Ұсынылған бастамаларды , қоғамдағы барлық өзекті мәселелерді Парламентте талқылауға тапсыруы - азаматтардың наразылығын туғызуы мүмкін даулы мәселелер бойынша , тиімді кері байланыс орнату деп жеткізуі нақты .
Парламенттің алдында маңызды екі міндет - сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналдыру қажет. Мұндағы ,
еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіре отырып , біреулердің жеке мүддесіне бола , лобби жасауды түп - тамырымен жою деген пайымдауы дұрыс .
Парламент - ел мүддесі үшін аянбай қызмет ететін қайнаған жұмыс ортасы .
Оң өзгерістер жолындағы халықтың талап - тілегін , шешім қабылдау кезінде асқан жауапкершілік таныту қажеттілігі туралы тапсыруы өте маңызды шешім .
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырған сенімнің үдесінен шығу , ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтау барысы - Парламенттің алдындағы ең маңызды міндет болып табылады .
Келешек бүгіннен де нұрлы!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы
Қазақстанды қуатты елге айналдыру - уақыт талабы