21
апрель
2022
Қауіпсіз қалада - бала бақылауда!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде, оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары , зияны және пайдасы туралы түсінік беру арқылы интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыруға бағытталған ашық тәрбие сағатын 3 «А» сыныбының жетекшісі Исатаева Шолпан Тахирқызы жоғары деңгейде өткізді .
Сынып жетекшісі Шолпан Тахирқызының , сынып оқушыларына , интернеттің бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстыратын компьютерлік желі екендігі туралы жалпы тұрғыда ақпарат беруі құнды болды.
«Сана» тобының мүшелері - постер қорғау барысында , интернеттің - тиімді байланыс құралы , ақпарат көздерін табуға болатыны; Электронды пошта қызметінің жылдам хабарласуға мүмкіндік береді дей келе, ғаламтордың пайдасы туралы нақты деректерді жеткізе білуімен ерекшеленді.
«Зерде» тобы мүшелері ғаламтордың зияны туралы постер қорғау барысында, интернет арқылы хат алысып, сөйлесу - баланың айналасындағы адамдармен бетпе - бет сөйлесуіне әсер етіп, сөйлеу мәдениетінен айырылатыны; Интернеттегі онлайн ойындары , атыс - шабыс, т.б. ойын ойнаған баланың миында ойынның мазмұны қалыптасатыны , ойынның әдіс - тәсілдеріне еніп , тіпті қылмыс пен құқық бұзушылыққа баратыны туралы жеткізулері нақты болды .
Сынып жетекшісі Шолпан Тахирқызы, сынып оқушыларының ой - жүйесін тұжырымдай келе , интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болатыны; ізденіс - талпынысқа бағыт алып , оқу бағдарламаларына сұранысты арттыруға ықпал ететіні ; әлемде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болу; интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалды қабылдап алуға немесе керісінше жіберуге болатыны; Сонымен бірге ғаламтордың жаңа көкжиектерінен: өзіңе деген қажеттіліктерді табуға болатынын жеткізді .
Әлеуметтік желіні «Әлеуметтік медия» деп те атайды. Бұл - адамдардың бір - бірімен ғаламтор арқылы байланысын қамтамасыз ететін интернет сайт . Бір сөзбен айтқанда , әлеуметтік желі - адамдардың бір - бірімен өзара қарым - қатынасы.
Главнаясы, оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары туралы бағыт беруден кеш қалмайық !
Қауіпсіз деп ойлама , ғаламтормен ойнама!