с «Дін мен дәстүр - егіз ұғым» атты дәріс сағаты » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбылская область
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72644) 6-11-98
Бухгалтерия
+7(72644) 6-11-98
Версия для
слабовидящих
» » с «Дін мен дәстүр - егіз ұғым» атты дәріс сағаты
21
апрель
2022

с «Дін мен дәстүр - егіз ұғым» атты дәріс сағаты

Дін мен дәстүр - егіз ұғым
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , дін саласында ақпараттық - ағарту жұмысын жүзеге асыруға бағытталған іс - шара жоспарына сәйкес «Дін мен дәстүр - егіз ұғым» атты дәріс сағаты өткізілді .
Дәріс сағатында , оқушыларға дін мен дәстүрдің - егіз ұғым екендігі туралы бағыт беру арқылы қайырымдылыққа , мейірімділікке , ізгілікке тәрбиелеу көзделді .
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мұғалімі Қибаев Нағашбек Игенұлы «Дін мен дәстүр - егіз ұғым» екендігі туралы жалпы тұрғыда мағлұмат бере келе , дін мен дәстүр екеуі ажырамас , бірі мен бірі біте қайнасқан ұлағатты ұғым екендігі ; Оның аражігін ажырату үшін үлкен діни білім , ұлттық дәстүрді жете меңгерген қабілет керектігі ; Ең бастысы, дініміз бен дәстүрімізді ұғындыратын , соған жетелейтін насихат құралдары қажеттілігі туралы таратып айтуы құнды болды .
Қазақ халқы дала заңымен : дәстүр - салтымен, әдет - ғұрпымен өмір сүрген халық . «Уықты - басқұр сақтайды, ұлтты - дәстүр сақтайды» деп бекер айтпаған.
Дін - адамдық ізгі қасиеттерді асқақтатса , салт - дәстүр - ұлт болып ұйысып , қалыптасуымыз үшін қажет.