14
февраль
2023
«Ауған салған жара» атты сынып сағаты
Ауған салған жара
Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жоспарының рухани - адамгершілік тәрбие бағыты бойынша , жеке тұлғаның рухани - адамгершілік және этикалық принциптерін қалыптастыру мақсатында , Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай , 8 «А» сынып жетекшісі Қуандықова Райхан Тұңғышқызы «Ауған салған жара» атты сынып сағатын талапқа сай өткізді.
8 «А» сынып жетекшісі Райхан Тұңғышқызы сөз алып, тарих жылнамасы нан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі - Ауған соғысы дей келе , Отан алдындағы борышын адал атқарып, өзге мемлекеттің аумағында тәуекелге бел буып, ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жауынгерлер туралы жалпы тұрғыда мағлұмат берді.
8 «А» сынып оқушылары өздерінің шығармашылық жұмыстарын оқып, өздері білетін мәліметтермен ой бөлісті.
Ерлік - елдің туы. Ер қуаты - қару болса, ел - қуаты батырлары, сарбаздары.
Отан үшін күрес, ерге тиген үлес!