Оралхан Бөкейдің туғанына - 80 жыл толуына орай таным сағаты » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбылская область
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72644) 6-11-98
Бухгалтерия
+7(72644) 6-11-98
Версия для
слабовидящих
» » Оралхан Бөкейдің туғанына - 80 жыл толуына орай таным сағаты
09
октябрь
2023

Оралхан Бөкейдің туғанына - 80 жыл толуына орай таным сағаты

Алтайдың асқақ жыршысы
Оралхан Бөкейдің туғанына - 80 жыл толуына орай таным сағаты
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , Мұзтаудың мұзбалағы , аса дарынды талантымен әдебиет әлемінде танылған Оралхан Бөкейдің туғанына - 80 жыл толуына орай , «Алтайдың асқақ жыршысы» атты таным сағатын орыс тілі пәнінің мұғалімі , 7 «А» сынып жетекшісі Бураханова Анар талапқа сай өткізді.
Таным сағатында , руханият әлемінде , өр Алтайдың мөлдір бастауы, кәусар бұлағындай туындылар қалдырған талант иесі, философ, публицист, драматург, Оралхан Бөкейдің өмірі , шығармашылығы туралы мағлұмат беру арқылы , білім алушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, әдеби кітап оқуға тарту көзделді.
Шығармашылық бөлімінде , 7 «А» сынып жетекшісі Бураханова Анар сөз алып, слайд таныстырылымы арқылы Оралхан Бөкейдің өскен ортасы, балалық шағы, әдебиет әлеміне деген құштарлығы - 1963 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетінде сырттай білім алып , екінші курстан бастап, аудандық газетте ; 1968 жылы университетті тамамдап , «Еңбек туы» және Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газеттерінде тілшілік қызметтер атқарғаны; Қаламы қарымды, ойлары отты, жалынды жасты газеттің бас редакторы Шерхан Мұртазаның қалт жібермей, жұмысқа шақырғаны; 25 жасар Оралхан Бөкейдің Алматыға келіп, «Жас Алаш» газетінің әдебиет және өнер бөлімінде меңгерушісі болып, публицистика саласына даңғыл жол ашылғанын жеткізді...
Оралхан Бөкей - әдебиет әлеміне өзіндік өрнегін ала келген қаламгер . 1970 жылы Алматыда жарық көрген «Қамшыгер» атты тұңғыш повесі елді елең еткізеді . «Менің повесть, әңгімелерімнің сюжеттері туған жер, жастық шағымда болған оқиғалар туралы естеліктерге толы, - деп жазды ол.
- Менің жерлестерім - қазақтар, сом мінезді, шыншыл және ашық жүректі адамдар. Не жазсам да , өз заманым, маңдай терін төккен қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырыстым ,- деп ой толғайды...
Сынып оқушылары, Алтайдың асылы - қаламы жүйрік Оралхан Бөкейдің шығармаларын мәнерлеп жатқа оқыды.
Оралхан Бөкейдің - әр әңгімесі, әр повесі ақындық жүрекпен , боямасыз өмірдің тылсым сәттерінен, өзіндік ой түйіп, өзінің рухани әлемімен үндесіп, тылсым күйінде, жұмбақ қалпында, өшпес із қалдырған - ерекше өнер иесі.