01
декабрь
2023
2023 жылғы 14 қараша күні - Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллионға жетті.
Қуан қазақ !
Қуанатын күн бүгін !
2023 жылғы 14 қараша күні - Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллионға жетті.
20 миллионыншы азаматтың дүние есігін ашқан сәті - еліміздің демографиялық өсуінің айқын көрсеткіші ретінде көңілімізді жадыратты .
Ия , баршаға мәлім , бұрын халық саны туралы мәліметтер қолмен өңделіп , көп уақытты қажет етуші еді.
Қазіргі таңда , ақпараттар ағынымен үндескен кезеңде , мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы , бұл - процесті жеделдетіп , 20 миллионыншы азаматтың туған сәтін дәлдікпен және қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік бергені , дамудың даңғыл жолының айқын көрінісінің куәсіндей , қазақ елін қандай керемет күйге бөледі десеңші?!
Халықтың деректер базасының көрсеткішіне сәйкес , 2023 жылғы 14 қараша күні таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды !
Қазақстанның мерейін асқақтатқан сәбилер - Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді . Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар .
Табиғи өсімнің артуы - барша Қазақ елі үшін бақыт пен шаттық сыйлаған қуантарлық жай!
Ең бастысы , қазақ елінің демографиялық көрсеткіші артып отыр .
Айналайын , кішкентай ғана балбөбектер - Қазақ елін ерекше қуанышқа бөлеген іңгәлаған сүйкімді сәбилер , ата - аналарыңның көзқуанышы болып өсіңдер , көкке өрлеп , биікке самғай беріңдер !
Жаса , жайнап , жасындай жарқырай беріңдер !