"ҮКІЛІ АРУ - 2018" » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
28
февраль
2018

"ҮКІЛІ АРУ - 2018"

Тұғыры биік Талас ауданына - 90 жыл, Қазыналы Қаратау қаласына - 55 жыл толуына орай жастар арасында ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған "ҮКІЛІ АРУ - 2018" атты аудандық сын-байқауға 10 үміткер қатысты. Қазақ қыздарына тəн ибалы, инабаттылық пен шынайылықты тең ұстаған, салтанатына парасаты сай жарасымды үйлесім тапқан арулар байқауында Қаратау қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінің 10 "Ə" сынып оқушысы Тұрдияр Меруерт Жасұланқызы қатысып, шоқтығы биік болып, жүлделі 2 - орынды иеленіп, бағалы сыйлықпен марапатталды. Қыз - бұлақ, көңіл - сынап деген. Қыз көңілі қашан да асқар таудай асқақ, Мұзарт шыңдай биік болуы өмірдің жазылмаған заңдылығы. Гүл көктемдей құлпырған, сұлулықтың символы, жаны таза, заты игі - АРУ қыздарымызды құрметтеп жүрейік демекпін.

"ҮКІЛІ АРУ - 2018"

 

"ҮКІЛІ АРУ - 2018"

 

"ҮКІЛІ АРУ - 2018"