02
March
2018
"Өнерлі балақайлар"
Қаратау қаласындағы Д А.Қонаев атындағы орта мектебінің өнерді серік еткен оқушылары Төлеубек Динара, Əйтімбет Жұлдызай, Русланұлы Ринат, Ордабек Мадина, Нұрланұлы Нұрғиса, Самандарова Елдана аудандық "Өнерлі балақайлар" атты əн-би жəне көркем сөз байқауына қатысып, шығармашылық жұмыстарын аудан тұрғындарына тарту етті. Нәтижесінде, "Вокал" жанры бойынша жүлделі 3-орынды 6 " Б "сынып оқушысы Төлеубек Динара иеленсе, "Көркем сөз " жанры бойынша жүлделі 3-орынды 4 "А" сынып оқушысы Нұрланұлы Нұрғиса иеленіп, аудандық білім бөлімінің дипломы жəне бағалы сыйлығымен марапатталды. Өнегелі өркендерге өнер көгінде жасындай жарқырап, қанаттарың талMay, көкке өрлеп, биікке самғаңдар демекпін.