"Алғыс айту парызым" » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » » » "Алғыс айту парызым"
01
March
2018

"Алғыс айту парызым"

Қаратау қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай "Алғыс айту парызым" атты əн - сазды бағдарлама өтілді. Апталық аясында тəлімгер Қазбекова Алтынайдың үйлестіруімен "Алғыс жəшігі" қойылып , оқушыларға ата - аналарына , ұстаздарына, достарына жазған алғыс хатты салуды тапсырды."Өзін - өзі тану "пәнінің мұғалімі Қазиева Гүлайымның жетекшілігімен "Мен алғыс білдіремін" атты эссе , арнау өлең жазу тапсырылды.Тексеру комиссиясы жұмыстарды сараптады . Нәтижесінде , үздік жұмыстардың иелері - 5 "Ə" сынып оқушысы Елтай Дария, 7"Ə" сынып оқушысы Құлбек Əсел , 10 "Ə" сынып оқушысы Əбдінəбиева Фариза асыл əжесіне , ардақты əкесіне ,аяулы анасына арнаған шығармашылық жұмысымен ой бөлісті .Іс - шараға шақырылған қонақтар Талас АІІБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы ,полиция Mayоры Е.Əбзелбеков ,Талас АІІБ ЖПҚ ЮПТ полиция аға лейтенанты Ə.Сəрсенбаев сөз алып ,сендер Анаға - өмір сыйлағаны үшін ,Əкеге - қорған болғаны үшін ,Ұстазға - білім бергені үшін ,Əжеге - ыстық ықыласы үшін алғыс айтып отырсыңдар .Бұл - әрине дұрыс .Біз ,сендерге : бәсекеге қабілетті, шығармашылық ізденістерің жəне де халықаралық ,республикалық, облыстық ,аудандық деңгейде жеткен жетістіктерің үшін мектеп әкімшілігіне, жеңіс тұғырынан көрініп ,жүлделі орын иеленген оқушылар мен темірдей тегеурінді тəрбиеге тартып отырған сынып жетекшілеріне алғысымыз шексіз дей келе ,Ұлы тұлғалар шоғырында тарих бетінен орын алған мемлекет жəне қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың ғибратты ғұмыр белестері туралы тебірене жеткізіп , есімін иеленіп отырған тұғыры биік тұлғаның ізбасары ізі болуға ,атына сай болуға шақыруы құнды болды .Іс - шараның 2 - бөлімінде 5"Ə" сынып оқушылары " Ықылас "биін тарту етсе , "Алғыс айту парызым" атты жыр - шашуды 5"А", 6 "Б" сынып оқушылары мəнерлеп оқып , білім берген ұстаздарға мың алғыс деген жалынды сөздері жүректен-жүрекке жетіп жатты. 6"Б"сынып оқушысы Төлеубек Динара "Мерекем" əнін орындап ,кеш шырайын кіргізді. Боямасыз өмірде әрбір сәтті бағалап , сіз десіп жүрейік ,сыйласып жүрейік ,шашылғанды бірлесіп жинасып жүрейік .Алғыс алайық, Алғыс айтуды да ұмытпайық демекпін.

"Алғыс айту парызым"

 

"Алғыс айту парызым"

 

"Алғыс айту парызым"

 

"Алғыс айту парызым"

 

"Алғыс айту парызым"

 

"Алғыс айту парызым"