"АНА - ӨМІРДІҢ ГҮЛІ" » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » » "АНА - ӨМІРДІҢ ГҮЛІ"
06
March
2018

"АНА - ӨМІРДІҢ ГҮЛІ"

Қаратау қаласындағы Д.А Қонаев атындағы орта мектебінде "АНА - ӨМІРДІҢ ГҮЛІ" атты әдеби - сазды кеш өтілді. Отбасының тəңірісі, шаруаның несібесі, сұлулықтың символы - ұстаз - аналар мен ару қыздарға арналган кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды. "Қонаев қырандары" КГТК тобы көңілді əзілдерін көрсетті. 9 "А" сыныбының оқушылары жыр шашуын ұсынса,10 "Ə" сынып оқушысы Өмірəлиева Динара "Анашым - асыл əнім" əнін орындап, асыл жандардың көңіл көкжиектерімен үндесіп жатты. 11"А" сынып оқушысы Жақсылық Аяулым "АНАМА" монологін оқып, анасына деген перзенттік парызын өтеуге деген жүрек жарды сезімі тыңдарманның көңілін толқытып,ыстық ықыласына бөленді. "Ана - өмірдің гүлі" атты слайд-шоуды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле тарту етсе, 9 "A"сынып жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Балсариева Нағима кешті өте жоғары деңгейде өткізіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сыр мен сезім қатар үйлесім тапқан кештен соң естелік суретке түсіп, ұстаз - аналар мен ару қыздарға гүл шоғы тапсырылды. "АНАЛАРҒА: ТЕҢ КЕЛЕР ҚҰДІРЕТ ЖОҚ, ТЕҢЕСЕТІН, БІРАҚ НƏРСЕ - ОТАН ҒАНА!" деген шəкірттердің лебізі өте әсерлі шықты. Аналарымыз аман болсын!

 "АНА - ӨМІРДІҢ ГҮЛІ"

 

 "АНА - ӨМІРДІҢ ГҮЛІ"

 

 "АНА - ӨМІРДІҢ ГҮЛІ"

 

 "АНА - ӨМІРДІҢ ГҮЛІ"

 

 "АНА - ӨМІРДІҢ ГҮЛІ"

 

 "АНА - ӨМІРДІҢ ГҮЛІ"

 

 "АНА - ӨМІРДІҢ ГҮЛІ"