19
March
2018
"Қош келдің, Əз - Наурыз!"
Қаратау қаласындағы Д А.Қонаев атындағы орта мектебінде 19.03.2018 жылы бастауыш сыныптар арасында "Қош келдің, Əз - Наурыз!" атты Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамының мағынасын ашу арқылы, қазақ халқының салт-дəстүрі, əдет-ғұрпын меңгерту, туған жерді шексіз құрметтеуге бағытталған іс-шара директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нысанбекова Сəуленің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтілді. Ұлттық рухани құндылықтарды ұлықтауға бағытталған іс-шараны мектеп директоры Гүлжамила Жидебайқызы ашып, наурыз мейрамының өзіндік ерекшелігі туралы айта келе, өнегелі өркендерге сәттілік тіледі. "Наурыз тойы - дәстүрлі мереке" деген бағытты ұстанған бастауыш сынып жетекшілері халқымыздың мәдениеті мен салт-дəстүрін ата-аналардың қатысуымен ерекше даралады. Дайындық сынып жетекшілері ата - аналардың қатысуымен "Шілдехана"рәсімін көрсетсе, 1-сынып жетекшілері "Ат қою" ; 2 - сынып жетекшілері ата - аналардың қатысуымен "Бесікке салу" ; 3 - сынып жетекшілері "Қырқынан шығару" ; 4 - сынып жетекшілері ата - аналардың қатысуымен этнос өкілдері ретінде Тұғыры биік Таластықтар мен Қазыналы Қаратау қаласының тұрғындарын "Əз - Наурыз" мейрамымен құттықтай отырып, өздері сомдаған ұлт өкілдерінің тілдерінде сөйлеп, құттықтауды жеткізуі, халық әні "Гүлдерайым" əнін бірге əуелете шырқауы сәтті шықты. Əні мен сəні сай үйлесім тапқан іс - шарада бастауыш сынып жетекшілерінің ата - анамен тығыз байланысы байқалды. Тамыры терең тәрбие иірімдерін шəкірт бойына қалыптастыруға ықпал еткен бастауыш сынып жетекшілерін мектеп директоры Г. Токбергенова атап көрсетіп Алғыс хатпен марапаттады. Тəрбие жолы - сан тарау. Тәрбие - тəлімнен.