21
March
2018
" ƏЗ - НАУРЫЗ "
Қаратау қаласындағы Д.А Қонаев атындағы орта мектебінің директоры Гүлжамила Жидебайқызының ықпал етуімен, 2 - 10 сынып оқушыларының қатысуымен Ұлыстың ұлы күні - "ƏЗ - НАУРЫЗ" мейрамында "ЖЕҢІС" алаңында жыл қайыру бойынша, тарих қойнауына еніп бара жатқан "ТАУЫҚ" жылына деген құрметпен іс - шараға барлығы : 30 оқушы қатысты. Білім мен өнерді тең ұстаған, 10 - сынып оқушылары Тұрдияр Меруерт пен Ілесбай Ұлбосын этнос өкілдері ретінде Тұғыры биік Таластықтарды - 90 жылдық жəне Қазыналы Қаратау қаласының тұрғындарын - 55 жылдық мерей тойымен бірге "Жыл басы - Наурыз" мерекесімен құттықтап, жеті қазынаның бірі - ит жылында аудан тұрғындары толағай табысқа кенеліп, қатар келген мерейлі қос қуаныш "ЖЫЛ ТОЙЫ" болсын деген жүрек жарды ақ тілектерін жеткізсе, 9 - 10 сынып оқушылары Ғабиден Құралай, Байғалиқызы Аяжан, Ікімат Аяулым, Өмірəлі Динара мен Сарабек Нарбота жəне балапандарды бейнелеп, сырлы билерін халыққа тарту еткен 2 - сынып оқушылары "ТАУЫҚ" жылына деген шексіз құрметтерін би өнерімен, балғын, пəк сезімдерімен жеткізе білуімен өте ерекше дараланды. Таластықтар, ақ жаулықты аналар ыстық ықыластарын жаудырып, өткен жылға өкпеміз жоқ, ит жылы бақ - береке, ырыс - құтқа толы, бірлігі жарасқан жыл болсын деп ақ жарма тілектерін білдіріп жатты. "ƏЗ - НАУРЫЗ" мейрамы құтты болсын, қуаныштан күн күліп, орта толсын, Тұғыры биік Таластықтар демекпіз.