03
September
2018
Алтын белгі үміткерлерімен кездесу
Қаратау қаласындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде ұстаз - ардагер Ілес Нұрұлы , ұлағатты ұстаз Нағашбек Игенұлымен "Бəсеке қуаты - білімде !" тақырыбындағы кездесу - алтын белгіден үміткерлер : Тұрдияр Меруерт , Аманкелді Аяулым ,Ікімат Аяулым , Өмірəлі Динара ,Мұрат Гүлайым , Мейрамбек Аружан жəне білім ұясының 66 - түлектерінің қатысуымен өтілді."Əр бала бір жұлдыз ,оның жұлдыздай жарқырауына жəрдем бер! " - деген ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұнидың аталы сөзін ұстанған 11 - сынып жетекшілері Қазақбаева Зағипа мен Оязбекова Кəмшат , білімнің биік шыңын бағындыру мақсатында : сыр мен сезім қатар үйлесім тапқан сəтте , ардагер ұстаз Ілес Нұрұлына мектеп түлектеріне , ағалық ақ тілек , ақ жол арнап , бəсекеге қабілетті болуға ықпал етуге шақырды .Білім саласында қалдырған ізі мəңгілік ,өнеге күші өлшеусіз ардагер - ұстаз Ілес Нұрұлы сөз алып ,əрдайым жалқаулыққа салынбай ,оқып ,білім алып ,үздіксіз ізденісте болғанда ғана , еткен еңбегіңнің өтеуін ,жемісін көресің дей келе ,өз басынан өткерген ,өмірден түйген көзқарасын бағамдап ,білім жүйесіндегі жаңашыл қадамдар , Сандық Қазақстан .т.б. жаңалықтарды жеткізіп ,мектеп түлектерімен ой бөлісіп , ой - пікірлері бір арнаға тоғысып жатты .Ұлағатты ұстаз ,тарих пəнінің мұғалімі Нағашбек Игенұлы сөз алып , "Мектеп - кеме , білім - теңіз" деген нақыл сөздің мағынасын аша отырып ,нұрлы болашақтың мөлдір бастауы - мектеп түлектері үшін "Білім - адам баласының ортақ қазынасы" деп бағыт беріп ,білім бəсекесінде алда болу - абырой деп ой қорытып , жасындай жарқырап ,мектеп мерейін асқақтатуға бағыт беріп , ықпал ете білуімен ерекше құнды болды.Алтын белгіден үміткер , жаны таза ,өршіл рухты ару қыздарға , өмір - дүние толқынында : тау көңілдері аласарMay ,мұзарт шыңға шығуға , ағалық ақ тілектерін жеткізді .Алтын белгіден үміткер қыздарға демегім , арман асуы алға асырсын !