«Тілім барда , үнім бар» атты ашық тәрбие сағаты » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » «Тілім барда , үнім бар» атты ашық тәрбие сағаты
11
March
2021

«Тілім барда , үнім бар» атты ашық тәрбие сағаты

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , рухани жаңғыру бағытында , Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 30 жылдығы және 21 ақпан - Халықаралық ана тілі күніне орай , дәстүрлі білім алушы 3 «А» сыныбының оқушыларына , сыныптың жетекшісі Жұманова Гаухар Әбділқызы , барлық санитарлық - эпидемиологиялық талапты сақтай келе , «Тілім барда , үнім бар» атты ашық тәрбие сағатын талапқа сай өткізді .
Сынып сағатында , оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру , ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру , ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу көзделді .
Балалар , құтты болсын тілің бүгін ,
Ашатын жан сарайын білімдінің .
Кешегі бабаң айтқан , анаң айтқан ,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының , - деп ақын жырлағандай , тіл дегеніміз - әрбір адамның жаны - тәні , болмыс - бітімі . Сол себепті , ана тілінің мәртебесі биік , мерейі үстем болуы үшін барымызды бағамдауға күш салуымыз керек . Біздің асыл қазынамыз - ана тіліміз деп сынып сағатын бастауы сәтті шықты .
Сынып оқушылары - Ана тілі туралы қанатты сөздерді мәнерлеп жатқа айтты.
Даңқты қолбасшы , халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының : «Қазақ тілінің байлығы - қазақ халқының , қазақ ұлтының байлығы . Осы байлықты бағалай білу керек . Сонда ғана , Қазақстан кез келген жұртпен , иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады деген сөзі мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың : «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде . Ана тілі - бәріміздің анамыз , ол - ұлтымыздың анасы» дегендей , ана тілінің тұғырының мықты болуының негізін қалаған , ата - бабаларымыздың өсиетін ұстану арқылы , қазақ тілінің мәртебесін көтеру керек деген сөздерін айтуы нақты .
«Ана тілі - халық боп жасағаннан бері , жан дүниеміздің айнасы . Жүректің терең сырларын , басынан кешкен дәуірлерін , ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп , сақтап отыратын қазына» , - деп Жүсіпбек Аймауытов жазғандай , туған жерін шексіз сүйген әрбір азаматтың - ана тіліне деген сүйіспеншілігі де ерекше болуы тиіс .
Ана тілімізді , шексіз құрметтей білейік !
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы
Жамбыл Облысының Білім Басқармасы Рухани Жаңғыру Талас Ауданы Талас ауданы әкімдігі Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі Талас Аудандық Мәслихаты