«Мұзтаудың мұзбалағы - Мұқағали» атты поэзиялық кеш » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » «Мұзтаудың мұзбалағы - Мұқағали» атты поэзиялық кеш
11
March
2021

«Мұзтаудың мұзбалағы - Мұқағали» атты поэзиялық кеш

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы , ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай , "Короновирустық инфекцияның таралу қаупінің алдын алу және жүргізуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талапты " сақтай отырып , кітапхана ісінің меңгерушісі Қасымова Сандуғаш Бақытқызы мен мектеп кітапханашысы Алиева Динара Бақытқызының ұйымдастыруымен «Мұзтаудың мұзбалағы - Мұқағали» атты поэзиялық кеш талапқа сай өтті .
Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, дарынды дарабоз , «Ғасыр ақыны» атанған ақын, тірі болғанда 90 жасқа толар еді. Дегенмен, жарты ғасырға жуық ғұмыр сүрсе де, бар өмірі мен өлеңін халқына арнап, поэзия кеңістігінің өшпес шоқжұлдызына айналып үлгерген еді.
Поэзиялық кешті жүргізуші Сандуғаш Бақытқызы, «Бүгін менің туған күнім» атты ақын өлеңімен кештің шымылдығын ашты . Сыр мен сезім үйлесім тапқан поэзия сағатында , 9 «Б» сынып оқушылары Алипхан Аяна , Юлдашева Малика , Қуаныш Аяулым , Абдрахманов Расул «Ғашықпын» , «Поэзия , менімен егіз бе едің?!» , «Әке» , «Ей , өмір!» атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса , 6 «Ә» сынып оқушысы Асылхан Сымбат «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп жатқа оқыды. Мектеп бітіруші түлек , білім ұясының мақтанышы , 11 «А» сынып оқушысы Мейрамбек Қарақат ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді» әні .т.б. әуелеген әсем әндерін шырқап , тамаша көңіл - кhouseсыйлады . Бұл - ақын поэзиясының құдіреті , шабытының шырқау шыңы , қара өлеңінің өміршеңдігінде .
Кеш барысында , ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнероликтер таныстырылымы және «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді . Көрермендерге рухани кеш сыйлаған кітапхана меңгерушісі Сандуғаш Бақытқызы , кітапханашы Динара Бақытқызына айтар алғысымыз шексіз.
Мұқағали әлемі - өлмес өлең , өшпес мұра !
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы