«Мұқағали әлемі» тақырыбындағы сынып сағаты » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » «Мұқағали әлемі» тақырыбындағы сынып сағаты
11
March
2021

«Мұқағали әлемі» тақырыбындағы сынып сағаты

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , қашықтықтан «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы , «Мұқағали әлемі» тақырыбындағы сынып сағатын өткізуде белсенділік танытқан сынып жетекшілері Серікова Бақыткүл , Даулбаев Нуриден , Аликулов Рауанның еселі еңбектерін ерекше айтып өткен жөн .
Ақиық ақын , артына өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып , оқушыларды поэзия әлемін шексіз сүюге , әсемдікке , елжандылыққа тәрбиелеу көзделді .
Мұқағали - ғажайып , ақиық , сыршыл , гуманист ақын . Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух , сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды .
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген жылдар ішінде өзіндік дара үнін , суреткерлік қайталанбас дарынын танытып , өнімді еңбектене білді . «Ильич» (1964) , «Армысыңдар достар» (1966) , «Қарлығашым келдің бе?» , «Мавр» (1970) , «Аққулар ұйықтағанда» (1973) , «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгереді .
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі , шабыт тұғыры - туған елі , өскен жері , Отан тағдыры , замандастарының арман аңсары еді . Мұқағали поэзиясы - тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес . Оның өлмес өнері , қанатты поэзиясы - қазақ халқының сезімін байытып , кісілігін биіктетіп , парасатын кемелдендіре түсті .
Қырансың аға , топтан бөлек дарасың ,
Хантәңірі сынды - заңғар боп мәңгі қаласың .
Жырларың сенің - таулардай биік тұлғалы ,
Шарлап жүр - бүгін көк пенен жердің арасын ! - деп ақын жырлағандай , «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің жырлары - жылдан - жылға , ғасырдан - ғасырға жалғасын таба бермек !
Мұқағали - мәңгілік өмір !
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы
Zhambyl regionның білім басқармасы Рухани Жаңғыру Талас Ауданы Талас ауданы әкімдігі Талас Аудандық Мәслихаты Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі Талас Аудандық Орталық Кітапхана