11
March
2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» атты сынып сағаты
Жамбыл - қазақ халқының ар - намысы, шынайы көрінісі
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» атты сынып сағатын , қашықтықтан WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы 9 «Б» сынып жетекшісі Қалдарбекова Самал Саттарханқызы жоғары деңгейде өткізді .
Сынып сағатында , оқушыларға жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беру арқылы , адамгершілікке , ізгілікке баулу , ұлтжандылыққа тәрбиелеу көзделді .
Жырын төккен жаңбырдай ,
Ақын бар ма , Жамбылдай ? , - деп ақын жырлағандай , сынып сағатында 9 «Б» сынып жетекшісі Самал Саттарханқызының , жыр алыбы -Жамбыл Жабаевтың , Zhambyl region , Хан тауының етегінде дүниеге келгені ; Балалық шағы , Жетісу өңірінде - осы күнгі Алматы облысының Жамбыл ауданында өткені ; Анасы Ұлдан мен нағашысы Қанадан әнші , күйші өнерпаз болғаны ; Нағашысынан қобыз , домбыра тартуды үйреніп , батырлар жыры , ертегі , аңыз әңгімелерді тыңдап , өлеңдетіп жүргені ; Сүйінбай ақынға шәкірт болып , одан бата алғаны , дастандар үйренгені ; Содан кейін ол : «Менің пірім - Сүйінбай , сөз сөйлемен сыйынбай» деп , жырды өрбіте түскені туралы бағыт беруі құнды болды .
9 «Б» сынып оқушысы Алипхан Аяна сөз алып , әкесі Жапаның баласының ұстанған беталысын ұнатпай , оған тоқтам салуға тырысқаны туралы және жыр алыбы Жамбылдың үлкен мектебі - қазақ фольклор қазынасы болғанын айта келе , Айтыс өнеріне , Жамбылдың жастайынан араласып , шілдехана , жиын - тойларда сүре айтысқа түсіп , 16 -17 жасынан ел аузына ілігіп , «Ақын бала» атанғаны туралы жеткізуі сәтті шықты .
9 «Б» сынып оқушысы Юлдашева Малика өз баяндауында , жыр алыбы - Жамбылдың халқымыздың ақындық өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан ақын болғаны туралы айтуы нақты . Атап айтқанда , Жамбыл мен Айкүміс , Бақтыбай мен Жамбыл , Бөлектің қызы мен Жамбыл , Жамбыл мен Сара ақын , Майкөтпен дидарласу , Жамбылдың Шыбыл шалға айтқаны , Жамбыл мен Бөлтірік , Жамбыл мен Сарыбас , Құлмамбет пен Жамбыл , Жамбыл мен Доспанбет , Жамбыл мен Шашубай. Бұлар - жинақтарға еніп , зерттеулер мен мақалада талданып отырғаны туралы жеткізді .
Жыр алыбы - Жамбыл , қазақ халқының поэтикалық өнерінің дамуына зор үлес қосты , бүкіл өмірін - жалпыадамзаттық құндылықтар мен жақсылықты , әділетті болуға дәріптеуге және патриотизмді тәрбиелеуге бағыттаған .
Жамбылдың ақындық мұрасы - қазақ халқының рухани қазынасының алтын қорына енгізілген .
Жыр алыбы Жамбыл - мол мұрасымен , рухани шығармашылық әлемімен екі ғасырды қатар үйлестіріп , молынан ұштастыра білген - Ұлы жырау !
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы
Жамбыл Облысының Білім Басқармасы Бала Құқығы Жамбыл Zhambyl region ата-аналар кеңесі Талас ауданы әкімдігі Талас Аудандық Мәслихаты Қаратау Қаласының Әкімдігі Рухани Жаңғыру Талас Ауданы Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі Талас Жастар Орталығы