Кітап рухани - сарқылмас қазына » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » Кітап рухани - сарқылмас қазына
27
April
2023

Кітап рухани - сарқылмас қазына

Кітап рухани - сарқылмас қазына
«Кітап - өмір ұстазы, сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқыMay өмірді білу мүмкін емес».
С.Қожамқұл
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде, Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі , аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен, білім ұясының кітапханашысы Дүйсенбекова Гүлмейрам , 4 «Ә» сыныбының жетекшісі Нысанбекова Сәуленің үйлестіруімен 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап рухани - сарқылмас қазына» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде өткізілді.
Мерекелік іс - шарада, кітапхана оқырмандарының әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, кітаптарды талдау арқылы рухани тәлім - тәрбие беру көзделді.
«Адамның сәні - өнер, білім, ақылы» деп білім мен өнерді қатар ұштастырып жүрген 4 «Ә» сынып оқушыларын - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сәуле Әбдірахманқызы құттықтап, «Кітап - ең сабырлы ұстаз, үндемес серік.Тек кітап қайырымдылық , мейірімділікке, ақиқатты тануға үйрететінін жеткізді.
Сәніне салтанаты сай үйлесім тапқан кеште «Артық білім - кітапта» деген дана Абайдың аталы сөзін ұстанған 4 «Ә» сыныбының көркемсөз оқушылары «Кітап - асыл қазына» атты әдеби - поэтикалық монтажды мәнерлеп жатқа оқыса, 4 «Ә» сынып оқушылары Үсенқызы Жасмин, Жанболатқызы Әнел «Қазақстан - Отаным арайлы» әнін нақышына келтіріп орындады.
«Тынымсыз - ізденіс, түбегейлі - нәтиже», - деп би әлемінде өзіндік орны бар, республикалық би байқауларында топты жарып жүрген 4 «Ә» сынып оқушылары - Сәбденбек Мөлдір «Шабыт» биін; Үсенқызы Жасмин өзбек биін; Жұмабай Аружанның орындауындағы «HUSTLE» биін көрермен қауым зор ықыласпен қабылдады.
Ақиық ақын,Тәңіртаудың мұзбалағы, қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған Мұқағали Мақатаевтың «Бақыт деген не?» өлеңіне композициялық қойылымды шебер үйлестірген 4 «Ә» сынып оқушыларының тың ізденістері мен шығармашылық өнерін көрермендер зор ықыласпен қабылдады.
4 «Ә» сынып оқушылары - «Кітап - нәзік те, тұнық әлем!» тақырыбындағы кітап туралы мақалды жалғастыру барысында да білімдерін көрсете білді.
«Кітап - рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу - тәрбие құралы» деп ұстанымды ұстанатын, 4 «Ә»сыныбының жетекшісі С.Нысанбекова сынып оқушыларына «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, кітапханадан кітап алып оқып, тереңіне үңілуге, кітапты қадірлеп, жан серігіне айналдыруға бағыт беріп, рухани әлеуетін арттырудағы тағылымы терең тәрбие иірімдері шет қалMay,Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Кітап - білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы!
Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Қаратау қаласы