Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру
09.10.2017 жылы «Туған жер - тұнған тарих»тақырыбында 8 - 11 сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінің мұғалімдері З.Қазақбаева,Ж.Бишаеваның жетекшілігімен шығарма жазу тапсырылды.Пән мұғалімдері «Туған жерге - туыңды тік» дей келе ,туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені туралы мағлұмат берді.Өз кезегінде, оқушылар Талас жеріндегі тарихи орындар мен құнды жәдігерлер мен өнер иелерінің жеткен жетістіктері мен игерілген биіктері туралы жазды.