"Қош келдің, Əз - Наурыз!" » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбылская область
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72644) 6-11-98
Бухгалтерия
+7(72644) 6-11-98
Версия для
слабовидящих
19
март
2018

"Қош келдің, Əз - Наурыз!"

Қаратау қаласындағы Д А.Қонаев атындағы орта мектебінде 19.03.2018 жылы бастауыш сыныптар арасында "Қош келдің, Əз - Наурыз!" атты Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамының мағынасын ашу арқылы, қазақ халқының салт-дəстүрі, əдет-ғұрпын меңгерту, туған жерді шексіз құрметтеуге бағытталған іс-шара директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нысанбекова Сəуленің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтілді. Ұлттық рухани құндылықтарды ұлықтауға бағытталған іс-шараны мектеп директоры Гүлжамила Жидебайқызы ашып, наурыз мейрамының өзіндік ерекшелігі туралы айта келе, өнегелі өркендерге сәттілік тіледі. "Наурыз тойы - дәстүрлі мереке" деген бағытты ұстанған бастауыш сынып жетекшілері халқымыздың мәдениеті мен салт-дəстүрін ата-аналардың қатысуымен ерекше даралады. Дайындық сынып жетекшілері ата - аналардың қатысуымен "Шілдехана"рәсімін көрсетсе, 1-сынып жетекшілері "Ат қою" ; 2 - сынып жетекшілері ата - аналардың қатысуымен "Бесікке салу" ; 3 - сынып жетекшілері "Қырқынан шығару" ; 4 - сынып жетекшілері ата - аналардың қатысуымен этнос өкілдері ретінде Тұғыры биік Таластықтар мен Қазыналы Қаратау қаласының тұрғындарын "Əз - Наурыз" мейрамымен құттықтай отырып, өздері сомдаған ұлт өкілдерінің тілдерінде сөйлеп, құттықтауды жеткізуі, халық әні "Гүлдерайым" əнін бірге əуелете шырқауы сәтті шықты. Əні мен сəні сай үйлесім тапқан іс - шарада бастауыш сынып жетекшілерінің ата - анамен тығыз байланысы байқалды. Тамыры терең тәрбие иірімдерін шəкірт бойына қалыптастыруға ықпал еткен бастауыш сынып жетекшілерін мектеп директоры Г. Токбергенова атап көрсетіп Алғыс хатпен марапаттады. Тəрбие жолы - сан тарау. Тәрбие - тəлімнен.

"Қош келдің, Əз - Наурыз!"

 

"Қош келдің, Əз - Наурыз!"

 

"Қош келдің, Əз - Наурыз!"

 

"Қош келдің, Əз - Наурыз!"

 

"Қош келдің, Əз - Наурыз!"

 

"Қош келдің, Əз - Наурыз!"

 

"Қош келдің, Əз - Наурыз!"

 

"Қош келдің, Əз - Наурыз!"

 

"Қош келдің, Əз - Наурыз!"