"Ата - бабам тойлаған, Əз - Наурызым, армысың!" » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбылская область
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72644) 6-11-98
Бухгалтерия
+7(72644) 6-11-98
Версия для
слабовидящих
» » » "Ата - бабам тойлаған, Əз - Наурызым, армысың!"
20
март
2018

"Ата - бабам тойлаған, Əз - Наурызым, армысың!"

Қаратау қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде "Ата - бабам тойлаған, Əз - Наурызым, армысың!" атты 5 - 10 сынып оқушылары мен ата - аналарының қатысуымен мерекелік іс - шара өтілді. Мектеп директоры Гүлжамила Жидебайқызының құттықтауынан соң 10 "Ə" сынып оқушысы Мұхамедкерей Назерке "Қазағымның дәстүрлері" əнін нақышына келтіре орындады. Əз - Наурыз мерекесіне орай ата - аналар шашу шашып, іс - шараның шырайын аша түсті. Наурыз мейрамының идеологиялық мағынасы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле сөз алып, қазақ халқының салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы жайында кеңінен талдау жасады. 5 - сынып оқушылары қазақ халқының  "Той бастар" биін билесе, ата - аналары "Бесікке салу"  рәсімін жасап, тағылымы терең тәрбиеге тарта білуімен ерекше болды. 6 - сынып оқушылары " Өзбек" биін билеп, "Өзбек" халқының беташар рәсімін шынайы сомдай білді. 7 - сынып оқушылары "Татар" халқының биін билеп,  "Сабантой" мерекесі, "Қол күресі" т.б. ойын түрлерін қойылым барысында көрсетті. 8 - сынып ата - аналары "Құда түсу" рәсімін көрсетіп, ата - ана Ахметова Лəззаттың "Өмір термесі" арқылы ақ тілегін жеткізуі сәтті шықты. 9 - сынып оқушылары мен ата - аналары "Қыз ұзату" рәсімін өмірмен байланыстыра отырып, ұлттық рухани құндылықтарды ұстануға, қызға қырық үйден тыю көзделіп, орындаулары құнды болды. 10 - сынып оқушылары мен ата - аналары "Беташар" рәсімінің тәрбиелік мәні мен құндылығы туралы айта келе, қойылым қойып, бағыт - бағдар беруі - боямасыз өмірде ағат баспай, сабақты ине сәтімен, өз ретімен болуға тиіс деген ұғымның аясында арқау етулері өте сәтті шықты. Бала - біздің болашағымыз. Қашан да ұлттық мəдениетімізді ұлықтап, шəкірт бойына қалыптастыруда кеш қалмайық.