"Білімді ұлт - білім берудің жəне отбасылық құндылықтардың сапасы"
Қаратау қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде "Білімді ұлт - білім берудің жəне отбасылық құндылықтардың сапасы" атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы 15.05.2018 жылы сағат 18.30-да болып өтті. Ата-аналар жиналысында, ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, білім ұясының жетістіктері туралы хабардар ету жəне мектепті басқаруда мұғалімдер мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру көзделді. Жиналысқа 154 ата-ана, демеушілер жəне ардагер-ұстаздар қатысты. Жиналыста "Жыл табысы" : республика, облыс көлемінде білім беру жүйесіндегі жетістіктер туралы; "Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі - "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру; 11сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау жəне оқу жылының қорытындылары; Оқу процесін цифрландыру; "Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту жəне қамқоршылық кеңесінің қызметі" туралы баяндаманы мектеп директоры Г.Токбергенова, оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Сейсембаева жəне тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Түменбаева оқып, ролик, слайд арқылы мағлұмат берді. Жарыс сөзге кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Қибаев пен ардагер - ұстаз Ж.Оразов шығып, баяндамашыларға, ағымдағы оқу жылында атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Ұлттық рух бар жерде рухани жаңғыру күш алады. Ұлттық сана, ұлттық код - рухани жаңарудың түп қазығы. Ел ертеңі, тірегі - мектеп оқушыларын білім бесігінде тербетер ұстаз болса, оларды баптап, тәрбие беретін ата-аналардың басты міндеті екені туралы бағыт берілген ата-аналар жиналысының тәрбиелік мәні зор болды.