"Білімді ұлт - білім берудің жəне отбасылық құндылықтардың сапасы"
Қаратау қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде "Білімді ұлт - білім берудің жəне отбасылық құндылықтардың сапасы" атты жалпыұлттық ата - аналар жиналысы 15.05.2018 жылы сағат 18.30 - да болып өтті. Ата-аналар жиналысында, ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, білім ұясының жетістіктері туралы хабардар ету жəне мектепті басқаруда мұғалімдер мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру көзделді. Жиналысқа 154 ата-ана, демеушілер жəне арда гер - ұстаздар қатысты.