04
октябрь
2018
Ардагерлер - даналық пен даңқтың үлгісі
Қаратау қаласындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде " Нұр Отан " партиясының " Ардагерлерді ардақтайық ! " акциясы шеңберінде " Ардагерлер - даналық пен даңқтың үлгісі " атты кездесу білім ұясын 2004 - 2009 жылдары басқарған , Талас ауданының Құрметті азаматы , аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Құрал Қошанұлы Нұрпейісов пен білім саласындағы 37 жылдық ұстаздық еңбегінде Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғылым министрінің " Құрмет " грамотасының иегері , " Аға мұғалім " дəрежесін иеленген Айнагүл Əбілғапқызының қатысуымен кеш өте жоғары деңгейде өтілді . Кездесуде ұстаз - ардагерлердің еселі еңбек жолдарын тілге тиек еткен директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Сəуле Əбдірахманқызының баяндауынан соң , 11 " Ə " сынып оқушылары Тұрдияр Меруерт , Ілесбай Ұлбосын ұстаз - ардагерлердің ғибратты ғұмыр белестері туралы слайд арқылы таныстырып , жалпы тұрғыда шолу жасады . 5 " Б " сынып оқушылары арнау өлеңдерін мəнерлеп жатқа оқыды . " Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға " деп дана Абай айтқандай , саналы ғұмырын білім саласына арнап , əлі де Тұғыры биік Талас ауданындағы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген ұстаз - ардагерлер Құрал Қошанұлы , Айнагүл Əбілғапқызы - мектеп оқушыларының қойған сауалдарына , сағымға толы жылдар тізбегіне шегініс жасай отырып , жауап берулері жанымызды жадыратты . " Үлкендер жолы - ұлылық , жүрейік біздер ұғынып ! " деген құрметпен 7 " Б " сынып оқушысы Төлеубекқызы Динара " Ардақты ұстазым " əнін , 4 " Б " сынып оқушысы Əйтімбет Жұлдызай " Ұстаз - ана " əнін нақышына келтіре орындап , кеш шырайын аша түсті . Сыр мен сезім қатар үйлесім тапқан кездесуден түйгенім , ғалым В. И. Качаловтың : " Еңбегіңнің ел кəдесіне жарағанын сезіну - үлкен бақыт " деген сөзі сəніне салтанаты жарасқан ұстаз - ардагерлерге айтылғандай ойда болдым . Кездесу соңында ұстаз - ардагерлерге сый - сияпат жасалып , естелік суретке түсті. Білімнің алтын діңгегін сыйлап , ізгіліктің дəнін сепкен ұстаз - ардагерлерге деген құрмет əлі де жалғасын табады .