15
декабрь
2018
" Тұғырлы бол ,Тәуелсіздік ! " атты салтанатты жиын
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде " Тұғырлы бол ,Тәуелсіздік ! " атты салтанатты жиын 9"А" сынып жетекшісі Сағындықова Рымкүл мен кітапхана меңгерушісі Қасымова Сандуғаштың ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтілді . Ресми бөлімінде : Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Даулбаев Нуриден , 10 "A" сынып оқушылары Жамалбек Диас , Самандаров Олжастың салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын әкелуі өте сәтті шықты . Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы облыстық , аудандық байқауға қатысқан жеңімпаз оқушылар Нарбек Нұрсұлтан ,Ікімат Аяулым және Қырықбай Кәусарды жетекшілерімен мектеп әкімшілігі атынан Алғыс хатты тапсырып құттықтады .9 "А" сынып оқушысы Тәйті Мерей Мұхтар Шахановтың "Желтоқсан алаңы " өлеңін мәнерлеп жатқа оқыды .Тәуелсіздікті төрге оздырған - Желтоқсаншылардың құрметіне 1 минут үнсіздік берілді.Ән - саз пәні мұғалімі Ахметова Ләззат "Желтоқсан желі ызғарлы " әнін орындады . "Желтоқсанның мұзға жаққан алауы" атты слайд таныстырылымы өтілді .Мерекелік ән шашу бөлімінде : 9 " А " сынып оқушылары " Тәуелсіздік - таң нұры " атты әдеби - поэтикалық монтажда ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. 4 "Б" сынып оқушысы Айтымбет Жұлдызай " Туған жер " әнін орындады. Тәуелсіздіктің таңы атқалы 27 жылдың шеңберіндегі жеткен жетістіктер тізбегі ролик арқылы көрсетілді .Ән - саз пәні мұғалімі Ахметова Ләззаттың жетекшілік етуімен 4 "А" сынып оқушылары "Жол жыры"әнін хормен орындауы сәтті шықты . Елтаңбамызбен еңселі ,Туымызбен тұғырлы , Гимнмен айбынды - Тәуелсіздік тұғырынан таймасын демекпіз .