16
сентябрь
2019
"Кәмелеттік жасқа толмаған жастардың қылмыстық жауапкершілігі" атты профилактикалық кездесу
Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің заңгер кеңесшісі С.Пирменов пен Талас аудандық Полиция бөлімі ЮПТ-нің аға-инспекторы, полиция капитаны А.Нұрбергенова мен ЮПТ-нің инспекторы,полиция лейтейнанты Ж.Пәрімбекова Қаратау қаласында орналасқан мектеп оқушылары арасында "Кәмелеттік жасқа толмаған жастардың қылмыстық жауапкершілігі" атты профилактикалық кездесулер ұйымдастырды. Жаңа оқу жылының басталуына орай жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, мектеп ережесіне сай киім үлгісін сақтау, түңгі уақытта ата-анасыз көшеде жүру, ойын-сауық орындарында жұмыс жасау немесе көңіл көтеру қылмыс екені түсіндірілді.Жастар тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді