Қаңтар айы, дүрбелең » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбылская область
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72644) 6-11-98
Бухгалтерия
+7(72644) 6-11-98
Версия для
слабовидящих
» » Қаңтар айы, дүрбелең
21
апрель
2022

Қаңтар айы, дүрбелең

Қаңтар айы, дүрбелең
Қаңтар айы, дүрбелең,
Қасіреті үндеген.
Бұзақылар басқан күн,
Аяушылық білмеген , - деп ақын жырлағандай , Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде, Қазақстан тарихында «Қаңтар қасіреті» атанған оқиғаның туындау себептері туралы «Қаңтар қасіретіне кім кінәлі?» атты кездесуге мектепішілік ата - аналар кеңесінің төрағасы Алтаев Нұрлан Сұлтанбекұлы , мектеп әкімшілігі , 9 «А» сынып оқушылары қатысты.
Мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байғазиев Данияр Шанжарханұлы сөз алып , «Қаңтар қасіретіне» қатысты ақпараттың аздығы; Мұнда, әлеуметтік - экономикалық жағдай тұрғаны; террористік шабуылдың белең алып, төңкеріс әрекеті жасалғаны туралы айта келе, өткен жылдар еншісіне кеткен тарихтың қайта таразылатыны; Қазақстанның жаңа билігінде, әлеуметтік салаға бағытталған экономикалық дамудың жаңа моделі құрылып, даму сатысына бағыт алғанын жеткізді.
Мектепішілік ата - аналар кеңесінің төрағасы Алтаев Нұрлан сөз алып, елдегі дағдарыс жай ғана наразылық білдірген халық пен авторитарлық режимнің қақтығысы емес екендігінің анықталғаны туралы айта келе, «Қаңтар қасіреті» заңсыз наразылық акциясына қатысқандар - әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-нің 488 бабы) қылмыстық (ҚР ҚК 400 бабы) бойынша жауапкершілікке тартылатыны туралы бағыт беруі құнды болды.
Негізі, Америкалық магнат - кәсіпкерДжон Дэвисон Рокфеллер айтқандай, «Қорқуды қойған дұрыс. Алайда, қайсарлық пен ессіздікті шатастырып алмау керек» деген тәмсілді жадымызда ұстайық!
Қаңтар айы, дүрбелең