«Қасіретті қаңтар»: қаламгер пікірі тақырыбындағы кездесу » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбылская область
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72644) 6-11-98
Бухгалтерия
+7(72644) 6-11-98
Версия для
слабовидящих
» » «Қасіретті қаңтар»: қаламгер пікірі тақырыбындағы кездесу
21
апрель
2022

«Қасіретті қаңтар»: қаламгер пікірі тақырыбындағы кездесу

БІРЛІК - біздің қасиетті туымыз!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , «Қасіретті қаңтар»: қаламгер пікірі тақырыбындағы кездесуді 8 «Ә» сынып жетекшісі Серікова Бақыткүл талапқа сай өткізді.
Кездесуге аудандық «Әкелер» кеңесінің төрағасының орынбасары, аудандық «Талас тынысы» газетінің тілшісі , журналист Қамысбай Сауқымов , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле , құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байғазиев Данияр және 8 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында 8 «Ә» сынып жетекшісі Б.Серікова «Қасіретті қаңтар» оқиғасы туралы слайд көрсетіп, жан - жақты мағлұмат берді . Өз кезегінде сынып оқушылары Қырықбай Кәусар, Нұржан Айша қасіретті қаңтар оқиғасының салқын сызы , жүрекке салған жарасы туралы жеткізді.
Аудандық «Талас тынысы» газетінің тілшісі Қамысбай Сауқымов сөз алып, жаңа жылдан кейін жойқын құйындай жайпаған кесірлі оқиғаның халыққа жайсыз тигенін , күн сайын сан түрлі жаманат хабарды естіп , жан түншігерлік жайдың салқын ызғары туралы айтып өтті. Қазақ елінің - аса мұқият ұйымдастырылған , қауіпті бүлікшілермен бетпе - бет келгендігін айта келе, Ел Президенті Қ.Тоқаевтың қайсар мінез танытып ,тәуелсіздік тағдырына араша түскенін әлем мойындағанын жеткізді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле сөз алып, жаңа дәуір бастамасына бағыт алу жолында, қасіретті қаңтар оқиғасы қайталанбас үшін және орын алған бүлікті жою үшін, түбегейлі жеңіске жету жолында ел болашағын бағамдаған мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың батыл қадамын қолдайтынын жеткізуі маңызды болды .
Еркін де егемен елімізде , алғы күнге, үкілі үмітпен өмір сүрейік. Еліміздің іргетасын ұстап тұрған бірлігімізді қадірлейік!
Бейбіт күнім - бақытым!