19
апрель
2023
"Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" айлығы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" айлығы аясында, Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің қатынас хатына сәйкес, Қаратау ст. ЖПб-нің бастығының міндетін атқарушы полиция капитаны М. Пирманов және Қаратау ст. ППт-ның полицейі полиция аға сержанты А. Джанабаев, мектептің құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Мустафин теміржол қызметкерлерімен мектеп оқушыларына "Теміржол қауіпті аймақ" тақырыбында профилактикалық мақсатпен қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмыстарының мақсаты - темір жол обьектілерінде тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтарды болдырмау. Қағидаларын бұзған жағдайда ҚР. ӘҚБтк 559 бабының 5 және 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК айыппұл салынатыны туралы кеңінен ескертілді.