«Қыз Жібек» қыздар клубы » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбылская область
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72644) 6-11-98
Бухгалтерия
+7(72644) 6-11-98
Версия для
слабовидящих
» » «Қыз Жібек» қыздар клубы
19
апрель
2023

«Қыз Жібек» қыздар клубы

Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы
О, қазағым жарадың!
Қазы - қарта , жал - жая,
Сенің ұлттық тағамың.
Құпиясын біл қазір ,
Бар ма қояр сұрағың? .
Көмек Ыбырайұлы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , «Аналар» кеңесі мен «Қыз Жібек» қыздар клубының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Ұмыт болған ұлттық тағамдар» тақырыбындағы таным сабағы - мектеп тәлімгері Қазбекова Алтынайдың үйлестіруімен , мектеп парламентінің мүшелерінің қатысуымен талапқа сай өтті.
Ұмыт болған ұлттық тағамдарды сараптауға бағытталған таным сабағына «Аналар» кеңесінің төрайымы Байболатова Тұрсынкүл, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле, директордың ақпараттық және IT ісі жөніндегі орынбасары Есиркепова Бану, педагог - психолог Битенова Дина қатысты.
Қазақтың «Ас - адамның арқауы» , «Ас жүрген жер - береке» , «Тату үйің тамағы тәтті» деген тәмсілдің мағынасын аша келе , қазақтың ұлттық тағамдары: Ет тағамдары - қазы, қарта, жал, жая, қазақша ет, қуырдақ, әсіп; Сүт тағамдары - қымыз, шұбат, айран, сүт, кілегей, қаймақ, ірімшік, құрт; Ұн және дәнді дақылдардан - бауырсақ, тандыр нан, шелпек, жент, талқан, сөк жататыны туралы слайд таныстырылымы арқылы жеткізді.
Мектеп парламентінің белсенді мүшелері Мейрамхан Мадина, Қасым Дильназ, Еркінбек Эльнура , Жайлау Ботагөз - өздерінің дайындап келген ұлттық тағам түрлерін көрсетіп, жасалу жолдарын айтып шықты.
Қорытындылау кезеңінде, тәрбие жұмысы жөнінде орынбасары Сәуле Әбдірахманқызы сөз алып, таным сабағында ұлттық құндылықтардың бірі - ұмыт болған ұлттық тағам түрлері туралы білім алушылардың мағлұмат ала білгенін айта келе, қыз баласы үшін ас мәзірін келген қонаққа ұсына білудің өзі - нағыз тәрбиенің қайнар көз екендігін жеткізді.
Тәрбие - қоғамдық құбылыс .