09
октябрь
2023
Ардагерлерді , ардақтайық!
Ардагерлерді , ардақтайық!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің тәлімгері Қазбекова Алтынай , 4 «Б» сынып жетекшісі Сәтекбай Жаннұрдың ұйымдастырумен , «Өзін - өзі басқару» ұйымының үйлестіруімен 1 қазан - Қарттар күніне орай , Қаратау қаласындағы № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Ардагерлерді , ардақтайық!» тақырыбындағы ән - сазды бағдарлама жоғары деңгейде өткізілді .
Ел мүддесін бәрінен биік қойып , кейінгі толқын жастарға ізеттігін аямай , ел бірлігін үйлестіруде , өзіндік үлес қосқан аяулы қарттардың орны ерекше деп бағамдаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдрахманқызы сөз алып , № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының қызмет алушыларын мерейлі мерекемен құттықтай келе , мереке күніне орай сый - құрметтерін ұсынды.
9 «А» сынып оқушысы Құрманәлі Жандәулет «Қызыл раушан» әнін тарту етсе ,
4 «Б» сынып оқушылары өлең жолдарын мәнерлеп , жатқа оқыды.
9 - сынып оқушылары Сауранбек Ғанияш пен ЕстебекТоғжан «Ақкербез» биін мың бұрала билесе , бастауыш сынып мұғалімі Сәтекбай Жаннұр «Жас ұстаздар ұраны» әнін нақышына келтіріп орындады.
«Қарттарға қамқорлық - біздің санамызға терең сіңген қасиет» деген ұстаныммен мектепішілік ата - аналар кеңесінің мүшесі Тұрлығұлова Гүлмира қызы , 3 «Ә» сынып оқушысы Шалабек Көркеммен бірге «Ана мен бала» әнін орындап, тыңдарман қауымның зор алғысына бөленді.
«Өзін - өзі басқару» ұйымының мүшелері «Қарттарым - қазынам» өлең жолдарын жатқа оқыса , 9 «А» сынып оқушысы Құрманәлі Жандәулет «Зымыран» әнін орындап, мерекелік іс - шараның шырайын аша түсті.
№ 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры Әнетбаев Ерлан Мақашұлы сөз алып, орталықтағы қызмет алушыларға мерекелік көңіл кдомсыйлаған мектеп ұжымы мен оқушыларға «АЛҒЫС ХАТ» табыстады.
Қарт адамдар - үйдің берекесі . Тәрбие саласына жауапты мамандарының айтулы іс - шара аясында «Өзін - өзі басқару» , «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымының мүшелеріне - болашақта қандай байлық, мансабым болады деп емес , елге үлгi - өнеге боларлық iстер жасауға бағыт беріп, оймақтай ой сала білулері құнды болды .
Қарттар - біздің асыл қазынамыз!