Қош келдің , әз - Наурыз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбылская область
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72644) 6-11-98
Бухгалтерия
+7(72644) 6-11-98
Версия для
слабовидящих
» » Қош келдің , әз - Наурыз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
10
апрель
2024

Қош келдің , әз - Наурыз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Қош келдің , әз - Наурыз!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде «Қош келдің , әз - Наурыз!» атты мерекелік іс - шара 9 «А» сынып жетекшісі Қуандықова Райхан, 8 «А» сынып жетекшісі Байғазиев Данияр, 2 «Б» сынып жетекшісі Ибраймова Балқия жоғары деңгейде ұйымдастырып , өткізді.
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы, қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету , ұлттық құндылықтарды ұстануға бағыт беру көзделді.
«Ата - бабам тойлаған, әз - Наурызым , армысың!» деген жүргізушілердің сөзінен жыр - маржаны төгіліп, тәттілерден шашу шашылды.
Мектеп ұжымы , ата - аналар, білім алушыларды мектеп директоры Токбергенова Гүлжамила Жидебаевна мерейлі мерекемен құттықтады.
2 «Б» сынып оқушысы Келгенбай Айша «Алақай , Наурыз!» әнін тарту етсе; 2 - сынып оқушылары Қаражігіт Даяна, Құрманхан Мерей «Қазақ биін» биледі.
«Бата беру - ізгі тілек білдіру» деген. Абыз ақсақал Мақұлбек ата - мектеп ұжымы мен білім алушыларға жылы лебізін білдіріп , наурыз - батасын берді.
2 - сынып оқушылары «Наурыз - думан» атты жыр жолдарын мәнерлеп оқыса; 9 - сынып қыздары «Көктем» биін тарту етті.
8 «А» сыныптың ата - аналары , 2 «Б» сынып оқушыларының ата - аналары, «Бесікке салу», «Тұсаукесу» рәсімдері мен әдет - ғұрыптардың тарихы мен мазмұнына үңіліп, бүгінге дейін жеткен асыл мұраны қайта жаңғыртуды мақсат етіп , театрландырылған қойылым арқылы көрсетулері құнды болды.
9 - 11 сыныптың бір топ оқушылары халық әні "Гүлдерайымды" домбыраның сүйемелдеуімен қосылып , орындады . Музыкалық жетекшісі 11"А" сынып оқушысы Нұржан Нұркенге айтар алғысымыз шексіз!
Наурыз - гүл - көктемнің мерекесі, табиғаттың қайта түлеп , қайта жаңғыруы!