14
March
2018
"АСТАНА - Отанымыздың жүрегі ,Тәуелсіздіктің тірегі "
ТАЛАС ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен "АСТАНА - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздіктің тірегі" атты АСТАНА қаласының 20 жылдығына бағытталған аудандық байқау өткізілді. Байқауға жоғары топтан 12 жастан 17 жасқа дейін барлығы: 35 оқушы қатысты. Байқау талаптарына сәйкес "Көркем сөз" оқу сайысында 10 "Ə"сынып оқушысы Тұрдияр Меруерт ақын Қалқаман Саринның "АСТАНА" өлеңін мəнерлеп жатқан оқыса, эстрадалық вокал номинациясы бойынша əнші, сазгер Бота Бейсенованың "АСТАНА"əнін10 "А" сынып оқушысы Өмірəлі Динара нақышына келтіре орындады. "Бейнелеу өнері" бойынша /сырттай/ байқауға "АСТАНА - менің сүйікті қалам" номинациясы бойынша 11 "А" сынып оқушысы Байдабек Әйгерім мен 9 "А" сынып оқушысы ЖоMarchқызы Əмина қатысып, бақ сынады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған 11 "A" сынып оқушысы Байдабек Әйгерім мен 9"А" сынып оқушысы ЖоMarchқызы Əмина "БАС ЖҮЛДЕ" иеленсе, 10 "Ə" сынып оқушысы Тұрдияр Меруерт 3 - орынды иеленіп, мектеп мерейін асқақтатты. 10 "А"сынып оқушысы Өмірəлі Динара арнайы "Алғыс хатпен" марапатталды. Мектеп әкімшілігі бағы мен бабы келіскен жеңімпаз шəкірттердің жетекшілері бейнелеу өнері пəнінің мұғалімі Көпбосынова Бағира мен қазақ тілі пәні мұғалімі Түменбаева Сəулеге асқақ арман, толағай табыс пен шығармашылық шабыт тілеп, бәсекеге қабілетті шəкірт тәрбиелеу ісінде биікке самғап, мұзарт шыңда Жеңіс тұрғырынан көрінуге сәттілік тіледі. Ұстаз бақыты - шəкіртінің жетістігімен құнды демекпін.