16
March
2018
Қазақстан халықтары Ассамблеясы
Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" аясында Қазақстан халықтары Ассамблеясына бағытталған қолөнерден балалар шығармашылығы жұмысының қалалық көрмесі өтілді. Қаратау қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінің 6 "Б" сынып оқушысы Қырықбай Айгүл қатысып, байқау талаптарына сәйкес, 1) көркем жұмыс "Әз-Наурыз!" құрағы; 2) қолданбалы өнер "Ландыш гүлі" моншақтан жасалған; 3) сәндік қолданбалы өнер "Бәйтерек" тұзды қамырдан жасалған шығармашылық жұмыстарын қалалық көрмеге ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша 6 "Б" сынып оқушысы Қырықбай Айгүлдің жұмысы үздік деп танылып, жүлделі бірінші орын иеленіп, дипломмен, бағалы сыйлықпен мараптталды. Айгүлдің жетекшісі - технология пәнінің мұғалімі Сағындықова Рымкүлге, дарынды оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мен ұлттық мәдениетті құрметтеуге бағыттаған ұстаздық еңбегіңіздің жемісін көріп, мерейіңіз үстем болсын демекпіз.