10
April
2018
"Мен ғарышкер боламын"
Қаратау қаласындағы Д А.Қонаев атындағы орта мектебінде 6 "Б" сынып жетекшісі Қалдарбекова Самал Саттарханқызының жетекшілік етуімен "Мен ғарышкер боламын"атты ашық тәрбие сағаты өтілді .Schoolchildren ғарыш әлеміне алғаш рет сапар шеккен әлемдік жəне қазақстандық ғарышкерлер жайлы жалпы тұрғыда мағлұмат бере отырып , ғарыш кеңістігі туралы таным көкжиектерін кеңейту , патриоттық сезімдерін қалыптастыру көзделген сынып сағатының тәрбиелік мәні зор болды.Сабақта Төлеубекқызы Динара "Ғарышқа сапар"атты арнау өлеңін оқыса ,сынып оқушылары Юлдашова Малика , Абдурахманов Расул ,Эртазаев Қабыл - Қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев,Айдын Айымбетовтың өмірі мен ғарыш кеңістігін бағындырған жұлдызды жолдары туралы тебірене отырып жеткізді.Оқушылардың "Біз - Отанның ұланымыз"атты əнді хормен орындаулары өте сәтті шықты.Сынып оқушылары ғарышкерлер күніне арналған тәрбие сағатынан мол мағлұмат алды.Жас ұрпақ - болашақ ! Ел тірегі - бүгінгі мектеп партасында отырған оқушының таным деңгейін ұштау - сынып жетекшінің басты міндеті .Бала қиялын дамыту - өрелі іс.