16
March
2018
"Көктем аруы - 2018"
Қаратау қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде 16.03.2018 жылы "Көктем аруы - 2018" сұлулық байқауы 5-7 сынып қыздарының арасында өтілді. Байқау кезеңдері 5 бөлімнен түзілді: 1. "Мен қазақ қыздарына қайран қалам..." үміткердің таныстыруы; 2. "Қыз еркем, өнерімен көркем" өнер сайысында əн айту, би билеу, қол өнері, монолог оқу т.б; 3. "Қыздар сұлу көрінеді білімімен..." таным деңгейін таразылау; 4. "Білектей арқасында өрген бұрым..." шаш өру сайысы; 5. "Ажарлы, сұлу, ғажап тым..." өз қиялынан дайындаған көйлек, кешкі сəн үлгісін көрсету көзделді. Ибалы, инабатты аруды анықтауға бағытталған сын - байқауы өте тартысты өтті. Жүйріктен - жүйрік озар жарысқанда деген. Əділқазылар алқасының шешімімен "Көктем аруы - 2018" сын - байқауында 7 "Б" сынып оқушысыСаудан Арианна "БАС ЖҮЛДЕ" иеленіп, дипломмен марапатталды. 1 - орынды 5 "А" сынып оқушысы Сералиева Анар иеленсе, жүлделі 2 - орын 6 "А" сынып оқушысы Талғат Еңлік; 3 - орын 6 "Б" сынып оқушысы Төлеубекқызы Динара иеленіп, дипломмен марапатталды. Салтанатына парасаты сай ару қыздар ұлттық рухани құндылықтарды ұлықтап, таным көкжиектерінің кеңдігін көрсете білуімен ерекше дараланды. Сын - байқауының жеңімпаздарын марапаттауды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле қорытындылап, өнерді серік еткен ару қыздарға сәттілік тілеп, жасампаз еңбектің құндылығы туралы айтып, білім бəсекесінде де алда болуға бағыт берді.