14 наурыз - Көрісу мейрамы , амал мерекесі » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72644) 6-11-98
bookkeeping:
+7(72644) 6-11-98
Version for
visually impaired
» » 14 наурыз - Көрісу мейрамы , амал мерекесі
26
April
2021

14 наурыз - Көрісу мейрамы , амал мерекесі

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаланы жүзеге асыруға бағытталған «Наурыз шуағы» атты мерекелік іс - шара аясында , орыс тілі пәнінің мұғалімдері Байболатова Тұрсынкүл , Тәуірбекова Әсияның ұйымдастыруымен , мектеп тәлімгері Қазбекова Алтынайдың үйлестіруімен , 14 наурыз - Көрісу күніне орай мерекелік іс - шара жоғары деңгейде өткізілді .
Іс - шара аясында , мектеп оқушыларына , Ұлыстың ұлы күнімен құттықтау , төс қағыстырып , сәлемдесу , көрісу рәсімін жасау , бір - бірімен араздасқан адамдар өзара кешірім сұрайтын , арасы алыстаған ағайын , туыс - бауырлардың жақындасатын күн екендігі туралы мағлұмат беру көзделді .
Іс - шараны жүргізуші Алтынай Жолдыбайқызы , слайд арқылы , Көрісу күнінде - халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып , бір - бірімен қол алысады . Дастарханын жайып , бауырсақ пісіріп , тәттілерін қояды . Отбасындағы кішілері - үлкендеріне қос қолын беріп , көрісіп шығады . Бір - біріне «Бір жасыңмен!» дейді . Ол «Бір жасқа есеюіңмен! . Осы жылға , аман - есен жетуіңмен!» дегенді ұғымды білдіретіні ; Көршілерімен көрісетіні ; Бұл жоралғы - балаларымыз тоқ жүрсін , дастарханымыз аралас болсын , қарым - қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туындағанын жеткізуі нақты болды .
Мерекелік іс - шара аясында , сөз алған тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызы , Амал келді - Жыл келді ! 14 наурыз - Амал мерекесі немесе «Көрісу күні» . Бұл күні жұрт - Ұлыстың алғашқы күнімен құттықтап , төс қағыстырып сәлемдесіп , көрісу рәсімін жасайтыны ; «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» , «Ақ мол болсын!» , «Ұлыс оң болсын!» , - деп, жаңа жылдың келуімен құттықтауы деп айтып жеткізсе ; Орыс тілі пәнінің мұғалімі Байболатова Тұрсынкүл сөз алып , Бір - бірімен араздасқан жандар , өзара кешірім сұрап , арасы алыстаған ағайындар жақындасатыны ; Алыста жүрген жандар - қара шаңыраққа соғып , ата - анасына сәлем беріп , ағайын - туыстың үйіне бас сұғатыны ; Қыстан қалған соғымның сыбағысын асып , ағайын - туысты қонақ қылып , хал - сұрасып көрісетіні ; Әр үйдің келіндерінің - үлкендерге сәлем салып , батасын алып , Наурызға арнап дастархан жаятыны ; Ақ мол болсын , жыл тоқшылықпен өтсін деп жеті түрлі дәмнен - Наурыз көже пісіріп , құрт, айран , қымыз .т.б. тағамды қоятыны туралы мағлұмат беруі құнды болды . Жамбыл Облысының Білім Басқармасы Рухани Жаңғыру Талас Ауданы Талас ауданының білім бөлімі